Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды

Оқиғадан кейін әйелге бірнеше күрделі ота жасалды, қазір оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

 видеодан скриншот 19 Шілде 2026, 11:49
19 Шілде 2026, 11:49
245
Фото: видеодан скриншот

Оқиға 16 шілде күні Алакөлде болған. Алайда бұл туралы бірнеше күннен кейін ғана белгілі болды.

БАҚ мәліметінше, көлде шомылып жүрген 69 жастағы Алматы тұрғынын қозғалып келе жатқан катер қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауыр аралас жарақатпен және көп қан жоғалтқан күйде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алған жарақаттарының ауырлығына байланысты дәрігерлер оның екі аяғын ампутациялауға мәжбүр болды.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің есі анық, өздігінен тыныс алып жатыр және қажетті медициналық көмекті қабылдауда.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Наверх