Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Тікұшақ ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде құлаған, апаттың себептері анықталып жатыр.

 istockphoto.com 19 Шілде 2026, 12:07
19 Шілде 2026, 12:07
249
Фото: istockphoto.com

Апат Краснодар өлкесіндегі Калининская станицасынан екі шақырым жерде ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеу кезінде болған. Бұл туралы Ресейдің Краснодар өлкесі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің Бас басқармасы хабарлады.

Тікұшақ құлағаннан кейін шамамен 20 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жалынды жедел сөндірді.

Апат салдарынан тікұшақтың ұшқышы қаза тапты.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары әуе апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Наверх