Все новости за 18 қыркүйек 2026
-
-
Ұшақта тәртіп бұзған шетелдік 12 тәулікке қамалды
Сондай-ақ оның бұған дейін де бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
-
Астанада төрт жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Жыл басынан бері департамент жеке сот орындаушыларына қатысты 166 жоспарлы және 124 жоспардан тыс тексеру жүргізген.
-
Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
19-20 қыркүйекте алғашқы жәрмеңкеге Қызылорда және Атырау облыстарының шаруалары қатысады.
-
Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада үшінші жеңісіне жетті
Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Гаити мен Нигерия командаларын жеңген болатын.
-
Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды
Биыл елімізде 15,6 млн гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген.
-
Белгілі спорт журналисі Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ғалым Сүлейменнің қазақ спорт журналистикасын дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
-
Ерлан Қарин: Еңбекқорлық ұлттық сипатымыздың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс
Вице-Президент идеологиялық кеңестің кезекті отырысын өткізді
-
Елена Рыбакина Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогына қатыспайды
Қазақстандық теннисші әрі әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Шэньчжэньде өтетін Билли Джин Кинг кубогына қатыса алмайды.
Спортшы Елена Рыбакина өзінің Instagram парақшасында күш-қуатын қалпына келтіру қажет екенін хабарлады.
«Соңғы ай ағзам үшін оңай болған жоқ. Енді жарыстарға өз ба
-
Семейде әлеуметтік осал топтағы 20 отбасы баспаналы болды
Семейде қала күні қарсаңында 20 отбасы пәтер кілтін алды. Жаңа қоныс иелерінің қатарында бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, толық емес және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар бар. Отбасылардың бірі өз баспанасын сегіз жыл күтіп, осы уақыт ішінде бес баласымен пәтер жалдап келген, д
-
Өзбекстанда фастфуд жеген 31 адам ауруханаға түсті
Ферғана облысында фастфуд жеген 31 адам ауруханаға жатқызылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, медициналық мекемеге улану белгілерімен барлығы 37 адам жүгінген. Зардап шеккендер жылдам тамақтану орындарының бірінен хот-дог пен нон-бургер жеген.
Ферғана облысы Өшқорған (Учкуприк) ауданының тұрғында
-
Бір күнде 3 апат: Жүргізуші куәлігіне үміткерлер емтиханда көлікті басқара алмай қалды
Рөлдегі қателік: практикалық емтиханда 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
-
Ұлттық жоба: 14 нысандағы жұмыс толық аяқталды
Қанат Бозымбаев коммуналдық жобаларда отандық өнім үлесін арттыруды тапсырды.
-
Алматыда самокат мінген адамның өмірін қиған алғашқы жол апаты тіркелді
Алматыда асқан жылдамдықпен жүрген электросамокат жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бейнебақылау камералары мен жолда кетіп бара жатқан көліктердің видеотіркегіштері самокатпен кетіп бара жатқан ер адамды түсіріп алған.
Кадрлардан түнгі уақытта электросамокаттың жолдың со
-
44 млн теңге: Көкшетауда гүл «тендеріне» сенген 17 адам зардап шекті
Көкшетауда 44 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқтық ісі тергеліп жатыр.
Алдын ала деректер бойынша алаяқтық фактісі бойынша 17 адам зардап шеккен. Ал келтірілген залал сомасы 44 миллион теңгеден асты.
Қылмыстық іс материалдарынан 2025 жылы 36 жастағы әйел гүл бизнесіне қатысты алаяқтық схема
-
Түркия порттарынан Қазақстанға жүк тасымалдауға жаңа мүмкіндік ашылды
Қазақстан мен Түркия автотасымалдаушыларға теңіз порттарынан жүк тиеуге мүмкіндік беру туралы уағдаласты.
Анталья қаласында Қазақстан-Түркия автомобиль көлігі жөніндегі аралас комиссиясының отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша екі ел арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары мен транз
-
Астана ғимаратына «бомба қойылды» деп хабарлаған жасөспірім Украинада ұсталды
Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының біріне қатысты жалған ақпарат жіберілген. Күдікті Сумы қаласында ұсталды.
-
«Тұмар» және «Үркер» сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
Qazaqstan Media Awards аясында «Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды.
-
Астанада қыздың саусағы балмұздақ аппаратына қысылып қалды
Қыздың саусағы балмұздақ аппаратына қысылып, құтқарушылар көмекке келді.
-
Қазақстан мен Қытайдың ортақ QR жүйесі: Халыққа қандай пайдасы бар және қашан қолжетімді болмақ?
Қазақстандықтардың Қытайда өз банкінің қосымшасы арқылы QR-кодпен төлеу мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отыр
-
ЖРВИ, тұмау және COVID-19: Қазақстанда қазіргі эпидемиологиялық ахуал қандай?
Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өткен жылдан 1,8 есеге төмен
-
Еуропада балалар вакцинациясы төмендеп барады – зерттеу
Зерттеушілер 44 жылдық деректерді талдап, Еуропаның бірқатар елінде балалар вакцинациясының төмендеу үрдісін анықтады.
-
Павлодар маңында төрт автокөлік соқтығысты: Бір адам қаза тауып, жетеуі жарақаттанды
Павлодар-Кенжекөл жолындағы жол көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі түрлі жарақат алды. Полиция қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Не болды?
Жол апаты кезінде 4 автокөлік соқтығысқан.
«Павлодар-Кенжекөл автожолында УАЗ Patriot, Audi 100, BMW және Lada Prior
-
Бүгінгі таңдау – ертеңгі тағдыр: Қарағандыда жастар форумы өтті
Бүгін Қарағанды облысында прокуратура әкімдігімен, сондай-ақ экономикалық тергеу және полиция департаменттерімен бірлесіп, оқу жылының басталуына орайластырылған «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумын өткізді.
Форум жұмысына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, облыс прокуроры Мұрат Т
-
Қазақстанда 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен айналысады – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады.
-
Қазақстанда 19 қыркүйекте жаппай тазалық акциясы өтеді
World Cleanup Day күні қазақстандықтар қоршаған ортаны тазартуға атсалысады. Ауқымды акция қай жерлерде өтетіні белгілі болды.
-
Тау туризмі: Сарапшы Алматы экономикасының жаңа мүмкіндіктерін атады
Алматы Орталық Азиядағы тау туризмінің орталығы ретінде танылғанымен, өңірдегі көптеген демалыс орындары мен тау курорттарының жұмысы әлі де қысқы шаңғы маусымы мен жазғы жаяу серуен кезеңіне тәуелді. Соның салдарынан көктем мен күзде туристер саны азайып, инфрақұрылым толық пайдаланылмай қалады. Бұ
-
+32°С: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша 2026 жылғы 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы.
-
ШҚО-да 36 жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды
2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында көлікті мас күйінде басқарған, бұған дейін басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің 56 дерегі тіркелді. 36 қылмыстық іс бойынша соттар айыптау үкімін шығарды.
Не болды?
Көлік құралын басқару құқығынан айыру қайталанатын бұзушылықтардың алдын ал
-
«Тәуекелсіз туризм»: Астанада Kazakhstan Travel Forum «Саяхат 2026» қалай өтті?
Кепілдік беру жүйесі жұмыс істеген 10 жыл ішінде 15 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды. Форум қатысушылары саяхат қауіпсіздігі мен сала үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылады.
-
«Бірге болуға тиіспіз»: Тоқаев сегіз елдің елшісіне үндеу жасады
Тәуелсіздік сарайында дипломатиялық рәсім өтті. Президент жаңа елшілерге Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі бағытын түсіндірді.
-
Нұрбек Пұсырманов: Жеңімпаз ұлт болудың басты шарты – бәсекеге қабілеттілік
Жеңімпаз ұлт ұрыс даласында бірін-бірі жеңген халық емес, ол шын мәнінде өзінің тарихи жарақатын еңсере алатын, одан кейінгі өткен тарихынан сабақ шығара отырып, жаңа қоғамның құндылықтарын қалыптастыра алатын қоғам. Бұл туралы Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов e-history.kz по
-
Астанада бағанға соғылған BMW аударылып қалды
Астанада BMW көлігі жол-көлік апатынан кейін аударылып қалды. Апат бүгін Е-900 көшесінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция мәліметінше, шетелдік көліктің жүргізушісі жолда кедергі пайда болған кезде рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік алдымен бордюрге, содан кейін көше жарығының бағаны
-
«Жұмыста қысым көрсетті»: Көкшетауда қаза тапқан сот қызметкерінің отбасы тергеуді талап етіп отыр
Отбасының мәліметінше, Аянға үнемі моральдық және психологиялық қысым көрсетілген.
-
АҚШ-қа тікелей рейс ашу: FAA аудиторлары Қазақстанға келеді
АҚШ-қа тікелей рейстерді ашуға дайындық шеңберінде Федералдық авиация басқармасының (FAA) аудиторлар тобы Қазақстанға келді.
-
Алматыдағы Wildberries логистикалық орталығы: Мердігерлер дауынан кейін қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды
Алматыдағы Wildberries логистикалық орталығының құрылысындағы дауға байланысты қозғалған қылмыстық іс прокуратураның араласуымен тоқтатылды.
-
Банкоматта қалған байлық: Оралда бөтен біреудің ақшасын алып кеткен күдікті ұсталды
Банкоматтағы ақау: Қалып қойған ақша қолды болған.
-
Алматы көшелері LRT құрылысына дайын ба? Қаладағы жағдайды көзбен көрдік
Құбырлар әкелініп, траншеялар қазылып, рельс төсеу басталған. Бірақ жоба бағытының кей бөлігінде құрылыс әлі басталмаған.
-
Алматыға сәуір мен қазанда не үшін бару керек?
Алматы таулары жыл бойы туристерді қызықтырады
-
Елімізде бейнебақылау камераларына бірыңғай стандарт бекітілді: Не өзгерді және қандай ерекшеліктер бар?
Енді көше камералары адамды бет-әлпетімен қатар жасы, жынысы, киімі, сондай-ақ қару мен түтін белгілері арқылы автоматты түрде анықтайтын болады.
-
Зайсан көлінде суға батып кеткен екі балықшының денесі табылды
Балықшылардың бірінің денесін жергілікті тұрғындар тапса, екіншісін ТЖМ сүңгуірлері жағадан 8,9 шақырым қашықтықтан анықтады.
-
«Күн сайын табыс түседі»: Қарағандыда «CVK» қаржы пирамидасын ұйымдастырған азамат сотталды
Виртуалды дүкен сатып алуға ақша салғандарға табыс уәде етілген. Тергеу барысында 474 мың USDT бұғатталып, мемлекетке тәркіленді.
-
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының төмендеуі тіркелді
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі жалғасуда. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2026 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағаның төмендеуі тіркелді.
-
Алматыда «қауіпті аудан» жоқ: Құрылысшы сейсмикалық аймақтар туралы пікір білдірді
Алматыдағы барлық аудан 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқанымен, бұл кейбір жерлерде құрылыс жүргізуге болмайды дегенді білдірмейді. «Қазақстан құрылысшылар одағының» Алматы қаласы филиалының директоры, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Тимур Нұртаевтың айтуынша, қауіпсіздік
-
Орман өрттері өршіп тұр: Еліміз апатпен күреске қаншалықты дайын?
Елімізде жыл басынан бері 813 орман өрті тіркеліп, бұл бағыттағы жұмыстарға 77,5 млрд теңге бөлінді.
-
Алматыда көлік тұрағының ақысы қымбаттайды
Алматыда коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі қайта қаралады. Қалалық мәслихат отырысында тұрақ ақысының мөлшерін әр ауданның көлік жүктемесіне қарай белгілеу ұсынысы қаралды. Қала билігі бұл бастама бос тұрақ орындарының санын арттырып, көлік қозғалысы ең тығыз көшелердегі жүктемені азайтуға кө
-
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 миллион теңгеден беріледі
Республикалық жобаның жеңімпаздарына 10 миллион теңгеден табысталады.
-
Қазақстанның 14 ұлттық табиғи паркіне бір жылда 3,5 миллионға жуық турист барды
Елімізде туризм саласы бойынша құны 1,3 триллион теңгені құрайтын 328 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
-
Әлем елдері балаларға әлеуметтік желіні қалай шектеп жатыр? Қазақстанда қалай болмақ?
Бір мемлекет баланың жеке аккаунт ашуына мүлде рұқсат бермесе, енді бірі ата-ананың бақылауын міндеттейді.
-
Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі
Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.
-
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қазақстанға келеді
US Open чемпионы Астана мен Алматыда болады. Рыбакина жас спортшылармен кездесіп, жанкүйерлеріне жолығады.
-
Азимова, Әбдіров, Смайылов: Президент үш маңызды мемлекеттік органның басшыларын тағайындады
Мемлекет басшысының Жарлығымен үш маңызды мемлекеттік органның басшылары тағайындалды. Олардың еңбек жолы да назар аударарлық.
-
«Ұрып өлтіремін»: Балаларының көзінше әйелін қан-жоса етіп соққыға жыққан ер адам ұсталды
Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны әйеліне дене жарақатын салды деген күдікке ілінді. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.
-
«Заң мен тәртіп» пәні: Қазақстан мектептерінде оқушыларға не үйретіледі?
Оқу-ағарту министрлігі бағдарламаның мазмұны мен негізгі мақсаттарын түсіндірді.
-
Қазақстан мен Таиланд арасындағы Дэвис кубогы матчының жеребесі тартылды
Матч 18–19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында өтеді.
-
Зайсан көліне екі балықшы батып кетті: оларды іздеу жұмысы жүріп жатыр
Қазір оқиға орнында ауқымды іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
-
2025 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: Елімізде инвестициялық модель қалай өзгеруде
2026 жылы негізгі басымдық нақты секторды қаржыландыруға, өндірістерді іске қосуға, инфрақұрылымдық жобаларға, кәсіпкерлікті, АӨК және экспортты қолдауға бағытталуда.
-
18 қыркүйекте еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – желсіздік, әлсіз жел, тұман немесе ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді факторлардың үйлесуі.
-
Сиань – Алматы: туристік пойыз тұрақты рейске көшеді
Жібек жолы бағыты бойынша саяхат 15 күнге созылады, ал үшінші рейс қазан айының соңында жолға шығады.
-
Фиджиде АИТВ таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Save the Children Fiji ұйымының мәліметінше, былтыр 59 нәрестеге АИТВ анадан жұққан. Фиджидегі әрбір 50-ші жүкті әйел АИТВ жұқтырған.
-
Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек?
Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру. Мамандар тұрғын үй иелеріне сақтандыру шарттарын мұқият зерделеп, қандай жағдайларда өтемақы төленетінін алдын ала біліп алуға кеңе
-
Италияда 2027 жылдан бастап көлік салығын төлеу тоқтатылады
Бұл салық Италияда 1953 жылы «жолдарды пайдалану салығы» ретінде енгізіліп, 1980-жылдары көлік иелену салығына айналған.
-
Еурокомиссия 13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салуды ұсынды
Еурокомиссияның ұсынысы алдағы айларда ЕО елдері мен Еуропарламенттің келісуінен өтуі тиіс.
-
ЕО Еуропадан тыс аумақта мигранттарға арналған «қайтару орталықтарын» құруды қарастырып жатыр
Еуропалық комиссияның мәліметінше, 2025 жылы ЕО аумағынан шығарылуы тиіс адамдардың нақты қайтарылу көрсеткіші 28 пайызға жеткен. Жаңа жүйенің негізгі мақсаттарының бірі – осы көрсеткішті арттыру.
-
Астанада тұрғын үй ауласында оқ атылды
Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді.
-
Үкімет медициналық техника бағасын оңтайландыруды тапсырды
Кеңес қорытындысында медициналық техниканың негізсіз қымбат бағасы анықталған жағдайда шұғыл шара қабылдау тапсырылды.
-
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
-
Астанада Ақмешіт пен Алматы көшелерінің қиылысы жыл соңына дейін жабылады
Жол учаскесіне жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
-
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас малды қағып кетті
Малдың иесіне айыппұл салынды. Оқиға салдарынан пойыз 9 минутқа тоқтатылды.
-
Еркін күрес: Қазақстандық екі балуан халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Нәтижесінде екі қола медаль жеңіп алды.
Наверх