Түркия порттарынан Қазақстанға жүк тасымалдауға жаңа мүмкіндік ашылды

18 Қыркүйек 2026, 18:35
АВТОР
 Үкімет 18 Қыркүйек 2026, 18:35
18 Қыркүйек 2026, 18:35
93
Фото: Үкімет

Қазақстан мен Түркия автотасымалдаушыларға теңіз порттарынан жүк тиеуге мүмкіндік беру туралы уағдаласты. 

Анталья қаласында Қазақстан-Түркия автомобиль көлігі жөніндегі аралас комиссиясының отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша екі ел арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары мен транзитті одан әрі дамыту бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Тараптар электрондық рұқсаттарға сандық шектеу қойылмайтыны туралы келісті. Бұл келісім тасымалдарды неғұрлым икемді ұйымдастыруға және тасымалдаушылардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Маңызды нәтижелердің бірі – қазақстандық тасымалдаушыларға Түркияның теңіз порттарынан Қазақстанға кейіннен тасымалдау үшін жүктерді тиеуге мүмкіндік берілуі, - деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ тараптар 2026 жылдан бастап осындай транзиттік жүктерді тасымалдауға жыл сайын 3 мыңнан рұқсат бланкілерімен өзара алмасуға келісті.

Отырысқа қатысушылар екіжақты және транзиттік тасымалдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, олардың Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға қосатын үлесін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарға қанағаттанушылық білдіріп, халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін растады.

Наверх