Көкшетауда 44 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқтық ісі тергеліп жатыр.
Алдын ала деректер бойынша алаяқтық фактісі бойынша 17 адам зардап шеккен. Ал келтірілген залал сомасы 44 миллион теңгеден асты.
Қылмыстық іс материалдарынан 2025 жылы 36 жастағы әйел гүл бизнесіне қатысты алаяқтық схеманы ұйымдастырғаны белгілі болды.
Ол тендерге қатысу үшін таныстарына да, бейтаныс адамдарға да жүгініп, қолма-қол ақша алған. Әйел алған ақшасын пайызбен қайтаруға уәде берген.
Алайда міндеттемелерін орындамады. Осылайша, жәбірленушілердің бірі фигурантқа 4,7 миллион теңге берген. Алайда уәде етілген ақшалай қаражат сол күйі қайтарылмаған. Ешқандай тендер болмаған, әйел алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта 17 жәбірленуші анықталды. Жалпы шығын 44 миллион теңгеден асады, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, полицейлер жәбірленушілердің саны бұдан да көп болуын жоққа шығармайды.
Полиция азаматтарды жоғары кіріс уәделеріне қолма-қол ақша беру кезінде сақ болуға шақырады. Мұндай келісімдерді жасамас бұрын, ақпаратты тексеру, сондай-ақ тиісті құжаттамасыз ақша бермеу қажет.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деген ер адам сотталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды