Өзбекстанда фастфуд жеген 31 адам ауруханаға түсті

18 Қыркүйек 2026, 20:15
АВТОР
 pixabay.com 18 Қыркүйек 2026, 20:15
18 Қыркүйек 2026, 20:15
124
Фото: pixabay.com

Ферғана облысында фастфуд жеген 31 адам ауруханаға жатқызылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, медициналық мекемеге улану белгілерімен барлығы 37 адам жүгінген. Зардап шеккендер жылдам тамақтану орындарының бірінен хот-дог пен нон-бургер жеген.

Ферғана облысы Өшқорған (Учкуприк) ауданының тұрғындары 17-18 қыркүйек күндері әлсіздік, жүрек айну және іш өту шағымдарымен аудандық медициналық бірлестікке жүгінді, деп хабарлады Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер науқастардан тағамнан улану белгілерін байқады.

Алдын ала эпидемиологиялық тексеру барысында науқастардың Өшқорған ауданы Наврузшох көшесінде орналасқан жылдам тамақтану орындарының бірінен хот-дог, нон-бургер және басқа да өнімдерді тұтынғаны анықталды.

18 қыркүйек сағат 17:00 көрсеткіші бойынша медициналық көмекке жалпы саны 37 адам жүгінген, олардың 31-і ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастарға білікті мамандар медициналық көмек көрсетуде.

Улану себептерін нақтылау мақсатында эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, күдікті тағам өнімдерінің үлгілері, сондай-ақ науқастардың биоматериалдары алынды. Олар тиісті зертханаларға тексеруге жіберілді.

Қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды. 

Еске салайық, бұған дейін «Роллтон» мен «Доширак» кеспесінен қауіпті пестицидтер табылды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Өзбек палауы Гиннес рекордтар кітабына қашан енді?

Наверх