Астанада қыздың саусағы балмұздақ аппаратына қысылып қалды

Қыздың саусағы балмұздақ аппаратына қысылып, құтқарушылар көмекке келді.

18 Қыркүйек 2026, 17:48
АВТОР
 ТЖМ 18 Қыркүйек 2026, 17:48
18 Қыркүйек 2026, 17:48
93
Фото: ТЖМ

Астанада құтқарушылар қыздың саусағын балмұздақ жасайтын аппараттан босатты. 

«112» пультіне Нұра ауданында Төле би даңғылы бойында қыздың саусағы балмұздақ жасайтын аппаратқа қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, электр құралдарының көмегімен аппараттың құрылымын кесіп, қыздың саусағын босатты. Оған медициналық көмек қажет болмады, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Қыз зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 5 жасар баланың жұлынып қалған саусағы қалпына келтірілді

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстандық дәрігерлер Бішкекте әлі дүниеге келмеген екі балаға операция жасады

Пластикалық отадан кейін қазақстандықтың бір көзі көрмей қалды

Екі жасар баланың басы подъездегі баспалдақтың теміріне қысылып қалды

Наверх