Астанада тұрғын үй ауласында оқ атылды

Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді.

 depositphotos.com 18 Қыркүйек 2026, 04:32
18 Қыркүйек 2026, 04:32
85
Фото: depositphotos.com

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында оқ атылды. Полиция зардап шеккендер бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған.

Астана полициясының хабарлауынша, тұрғын үйдің ауласында мас күйдегі бір топ жас жігіт болған. Олар өздерін агрессивті ұстаған.

Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында үй тұрғындарының бірі газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан, – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді.

Полиция тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Наверх