Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы бөтен біреудің ақшасын алып кеткен.
Орал қаласындағы сауда үйлерінің бірінде әйел адам банкоматқа 600 мың теңгеден астам ақша салған. Алайда техникалық ақауға байланысты қаражат картаға түспей, купюра қабылдайтын бөлікте қалып қойған. Ал әйел ақшаны салдым деп ойлап, банкоматтың қасынан кетіп қалған. Артынша келген бір ер адам ақшаны алып кеткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, Орал қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Ақша иесіне қайтарылды. Қылмыстық іс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Осы ретте полиция азаматтарға ақша салған кезде қаражаттың картаға түскеніне және операцияның толық аяқталғанына көз жеткізбей, банкоматтан кетпеуіңізді ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада аялдаманың шынысын сындырған жасөспірім жауапқа тартылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада қаржы пирамидасына адам тартқан әйел 5 жылға сотталды
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деген ер адам сотталды