«Ұрып өлтіремін»: Балаларының көзінше әйелін қан-жоса етіп соққыға жыққан ер адам ұсталды

Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны әйеліне дене жарақатын салды деген күдікке ілінді. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

18 Қыркүйек 2026, 09:35
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 18 Қыркүйек 2026, 09:35
18 Қыркүйек 2026, 09:35
133
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Шымкентте әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті BAQ.KZ редакциясының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкент қаласында ер адамның әйелін балаларының көзінше қатты соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған еді. Жәбірленушінің туысы оқиғаға қатысты тиісті органдардан істі бақылауға алуды сұраған.

Туысының айтуынша, ер адам әйелінің атына 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Сонымен қатар ол әйелін өлтіремін деп қорқытып жүрген.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға 16 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласының аумағында болған.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полиция.

Жәбірленушінің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтерді тергеу мүддесіне байланысты жариялаған жоқ.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

Наверх