Нұрбек Пұсырманов: Жеңімпаз ұлт болудың басты шарты – бәсекеге қабілеттілік

18 Қыркүйек 2026, 14:22
АВТОР
 видеодан скриншот 18 Қыркүйек 2026, 14:22
18 Қыркүйек 2026, 14:22
92
Фото: видеодан скриншот

Жеңімпаз ұлт ұрыс даласында бірін-бірі жеңген халық емес, ол шын мәнінде өзінің тарихи жарақатын еңсере алатын, одан кейінгі өткен тарихынан сабақ шығара отырып, жаңа қоғамның құндылықтарын қалыптастыра алатын қоғам. Бұл туралы Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов e-history.kz порталына берген сұхбатында айтты. 

Мемлекет тарихы институтының басшысы сұхбат барысында «жасампаз ұлт» ұғымының мәніне тоқталып, қоғамның тарихи санасы мен болашаққа деген көзқарасы туралы ой қозғады.

«Жеңімпаз ұлт тарихта бір жеңілістерден ада ұлт емес, бұл өзінің бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын, белгілі бір тарихи қасіреттерін еңсере отырып, қоғамдық жаңа жүйеге сәйкес құндылықтарын орнықтырып, институттарын жаңалап, болашаққа ұмтылатын қоғам. Осындай белгілі бір тұжырымды қалыптастырсақ, онда біз жеңімпаз ұлт қана емес, қоғамда бәсекелестіктен қалмайтын ұлттың қатарына қосыла аламыз», - деді Н. Пұсырманов.      

Е-history.kz порталына берген сұхбатында Нұрбек Серікұлы тарихи жарақаттарды еңсеру, тәуелсіздік жылдарындағы сапалық өзгерістер, ұлттық сананың жаңғыруы және болашаққа сеніммен қарайтын қоғам қалыптастыру мәселелері туралы пікірін білдірді. 

Тарихшы сұхбат барысында «Жасампаз ұлт қандай болуы керек?», «Тарихи сана қоғамның дамуына қалай ықпал етеді?»,  «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістерін жеңімпаз ұлт қалыптастыру жолындағы қадамдар деп қарастыруға бола ма?» деген сұрақтарға жауап берді. Толығырақ e-history.kz порталының YouTube арнасынан көріңіз.

Наверх