Астанада Ақмешіт пен Алматы көшелерінің қиылысы жыл соңына дейін жабылады

Жол учаскесіне жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

 pixabay 18 Қыркүйек 2026, 02:27
18 Қыркүйек 2026, 02:27
103
Фото: pixabay

Астанада Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысы жыл соңына дейін жабылады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Аталған учаскеде көлік тоннелін салу аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысындағы қозғалыс толығымен тоқтатылады.

Жолдың жабылу схемасы

Учаскеге жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Наверх