Астанада бағанға соғылған BMW аударылып қалды

18 Қыркүйек 2026, 14:15
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 18 Қыркүйек 2026, 14:15
18 Қыркүйек 2026, 14:15
141
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астанада BMW көлігі жол-көлік апатынан кейін аударылып қалды. Апат бүгін Е-900 көшесінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция мәліметінше, шетелдік көліктің жүргізушісі жолда кедергі пайда болған кезде рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік алдымен бордюрге, содан кейін көше жарығының бағанына соғылып, аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.

«Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады қалалық ПД BAQ.KZ сауалына берген жауабында.

Қазіргі уақытта полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау-Бейнеу жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Сол кезде түйені қаққан көлік қарсы жолаққа шығып, 4 адам қаза тапты

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан алты адам қайтыс болды

Наверх