2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында көлікті мас күйінде басқарған, бұған дейін басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің 56 дерегі тіркелді. 36 қылмыстық іс бойынша соттар айыптау үкімін шығарды.
Не болды?
Көлік құралын басқару құқығынан айыру қайталанатын бұзушылықтардың алдын алуы тиіс. Алайда ШҚО-да биыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтардың мас күйінде қайтадан рөлге отырған 56 дерегі анықталды. Дәл осындай қайталанған құқық бұзушылық қылмыстық істерді қозғауға негіз болды.
Қандай жаза тағайындалды?
36 қылмыстық іс бойынша соттар айыптау үкімін шығарды. Жүргізушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылды. Мұндай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабында қарастырылған. Заң бұрын басқару құқығынан айырылған тұлғаның көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жазаны белгілейді.
Заң кімдерге қатысты?
Талаптар тек автомобиль жүргізушілеріне ғана емес, сонымен қатар басқа да тұлғаларға таралады. 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына жатқызылып, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондықтан мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік мопед жүргізушілеріне де қолданылады. Басқару құқығынан айырылғаннан кейін көлікті мас күйінде қайта тізгіндеу қылмыстық жауапкершілікке және көлік құралдарын басқаруға өмір бойына тыйым салуға әкеп соғуы мүмкін.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және мас күйінде рөлге отырмауға шақырады. Бұл талаптарды сақтау барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-дағы Зайсан ауданында мүгедектігі бар 45 азаматтың құқығы қорғалды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада бағанға соғылған BMW аударылып қалды
Ақтау-Бейнеу жолындағы апат: Түйені қаққан көлік қарсы жолаққа шығып, 4 адам қаза тапты
Астанада автобуста жүргізуші мен жолаушылар арасында жанжал шықты