Все новости за 15 ақпан 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Көктемгі дәрумен тапшылығының алдын алуға арналған кеңестер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыс мезгілінде дұрыс тамақтанбағандықтан, көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі туындайды. Витаминдер - организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті биологиялық белсенді заттар. Олар дұрыс метаболизмге ықпал етіп, жұмыс өнімділігін, төзімділікті арттырады. Көптеген дәрумендер организмде синтезделмейді және тек тамақпен бірге келеді.
-
Былтыр МӘМС бойынша көрсетілген стоматологиялық қызметтер саны 50%-ға өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша, 2020 жылға қарағанда, бір жарым есе көп стоматологиялық қызмет көрсетілді.
-
Барлық жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін – Абзал Әжіғалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барлық жанкүйерлеріме мың алғысымды айтамын, деп жазды Абзал Әжіғалиев Facebook-тегі парақшасында.
-
Қарағанды облысында заңсыз майнингтік қызмет фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы мониторингі органдары Қарағанды облысында заңсыз майнинг фактісін анықтады деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
-
Биыл Кентаудың көшелері толық жарықтандырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласында жарық құрылымдарын жарықтандыру, жөндеу жұмыстары жалғасады. Коммуналдық қызметтің негізгі міндеті – бағандар мен ескірген жарықтандыру қондырғыларын қалпына келтіру және ауыстыру.
-
Мемлекет басшысы Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиевті қолдап, жеделхат жолдады, деп жазды Мемлекет басшысынығ баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
-
Ақмола автожолдарында 100-ден астам адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.14-15 ақпан аралығында Ақмола облысының жылыту пункттеріне 116 адам эвакуацияланды, оның ішінде 14 бала және бір жасқа да толмаған нәресте бар, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
-
Елорданың ауруханаларына жоғары технологиялық жабдықтар жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жаңа медициналық жабдықтардың екі данасы жеткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
БҚО-да дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Семейде шала туған нәрестелерге арнайы күтім жасайтын бөлімше ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында шала туған нәрестелерге арнайы күтім жасайтын бөлімше ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайларда шеберлігін шыңдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында армия авиациясы ұшқыштарының жиыны өтіп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлгінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Әскери қызметшілер Ауған жауынгерлерін еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына орай іс-шаралар өткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Өскемендіктер өздеріне қажетті 100 жобаның бюджетін қалыптастырды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Өскемен қаласында аулаларды, тротуарларды абаттандыруға, ойын алаңдарын орнатуға, заңсыз қоқыс алаңдарының көзін жойып, ағаш отырғызуға қатысты 100 жоба жүзеге асады.
-
Алматыда «Қазақстандықтар» ҰҚТ жетекшілері ұсталды – ҰҚК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын «Қазақстандықтар» ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді.
-
Ноғаев Жаңаөзен халқына үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзендегі жағдайға байланысты үндеу жасады.
-
Омикрон. Жаңа штамм тағы да мутацияға ұшырады ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Данияда ғалымдар коронавирус инфекциясының стелс-омикрон штамының ORF3а ақуызында жаңа мутацияны анықтады. Бұл туралы Lenta.ru жазды.
-
Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарды консулдық есепке тұруын өтінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Украинадағы Қазақстан елшілігі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дер кезінде көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке тұруын өтінген.
-
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 33 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толды. Тарихқа ХХ ғасырдың ең ұзақ қантөгісі ретінде енген соғысқа интернационалдық борышын өтеу үшін 22269 қазақстандық аттанды. Олардың 924-і майдан алаңында ерлікпен қаза тапса, 1015 адам мүгедек болып оралып, 19 адам іс-түссіз жоғалды. Бүгінгі күні 70-тен аса азамат әскер қатарында қызметін жалғастырып келеді.
-
СҚО балалар ауруханасында шұғыл хирургиялық орталық ашылды
Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстанда балалар ауруханасы жанынан шұғыл хирургиялық орталық ашылды. Заманауи медициналық қондырғылармен жарақтандырылған нысан 130 мың балаға медициналық қызмет көрсетпек.
-
Былтыр елорда әуежайында декларацияланбаған 200 млн теңгеден астам қолма-қол ақша анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы елордадағы әуежай арқылы 203 706 259 теңге алып өтпек болған. Қолма-қол ақша декларацияланбағандықтан заң бұзушыларға айыппұл салынды. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Талғарда күрделі жөндеуден өткен екі дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Талғар ауданында «A Class Medical» басқарушы компаниясының бастамасымен күрделі жөндеуден өткен Қызыл-Қайрат және Гүлдала ауылдық дәрігерлік амбулаториялары тұрғындардың иігілігіне пайдалануға берілді.
-
Қазақстандағы құс фабрикалары жабылуы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нарықтық жағдайда Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту үшін өндірістің, ауыл шаруашылығының түбегейлі қайта құрылуы қажет. Отандық экономиканы қайта құру кезінде проблемалық мəселелер бірінен кейін бірінің туындап жатқаны жасырын емес.
-
Алексей Луценко Испанияда осы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Qazaqstan Team командасының атынан өнер көрсететін қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко "классика Хаэн – ішкі жұмақ" бір күндік испан жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Алматының емдеу мекемелеріне 1,8 млрд теңге айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Медициналық сақтандыру қоры алматылық медицина ұйымдарының 75 мың қызметті түрлі кемшіліктермен көрсеткенін анықтады. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 1,8 млрд теңге айыппұл салынды.
-
Спортты ғылыммен ұштастырып жұмыс істесек, нәтижелі болады – Елсияр Қанағатов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
-
Нұр-Сұлтан – Абу-Даби жаңа әуе рейсі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аптасына 2 рет ұшатын рейске билет бағасы 20 евродан басталады, деп хабарлады ҚР ИИДМ ресми сайты хабарлады.
-
Ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері жазаға тартылу керек – «Ақиқат» комиссиясы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының мүшесі
Ляззат Рақышева Алматыда өткен баспасөз жиынында айтты.
-
Қысқы спорт мемлекет тарапынан қолдауға зәру – бас бапкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Биекенов Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
-
Қарағанды облысының тасжолында қанша көлік боранда қалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» бағытындағы қозғалыстың жағдайы туралы айтты.
-
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президентке Агенттіктің 2021 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен тексеріліп жатқан қылмыстық істер туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Ел намысын қорғау үшін барымды салдым – Абзал Әжіғалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Абзал Әжіғалиев Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
-
ҰҚК қызметкерлері қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық тергеуге қатыспау керек – Айман Омарова
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының төрайымы Айман Омарова Алматыда өткен баспасөз жиынында айтты.
-
Абзалға сәттілік жетпеді – шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, шорт-тректен жарыстар аяқталуға жақын.
-
Бәріміз де медаль күттік – Елсияр Қанағатов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
-
Жолаушылар кейбір Тальго маршруттарындағы жеңілдіктерді пайдалана алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы ақпан айының соңына дейін Тальго коммерциялық пойыздарына келесі бағыттар бойынша жеңілдіктер жасалатынын хабарлайды.
-
15 ақпан – Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 ақпанда әлемнің көптеген елінде Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні атап өтіледі. Ол науқас балалардың ата-аналары ұйымдарының халықаралық конфедерациясы бастамасы бойынша өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Нұр-Сұлтанда үлескерлердің қаражатын қабылдауға рұқсат алған компаниялардың тізімі жаңартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үлескерлердің қаражатын қабылдауға рұқсаты бар компаниялардың жаңартылған тізімін елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының сайтынан алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Қар құрсауынан 259 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте елімізде қар құрсауынан 259 адам, оның ішінде 30 бала құтқарылып, 21 техника шығарылды.
-
Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін бірегей гидрогель ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке бастары анықталды – Бас прокуратура
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура қаңтарда орын алған лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанның әскери қызметшілері «Бейбітшілік жауынгері» халықаралық байқауына дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Қарулы Күштерінде Армия халықаралық ойындарына іріктеу жалғасуда. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
БАҚ-та террористік актілерге қарағанда азаптаулар алдыға шығып кетті – Айман Омарова
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен баспасөз жиынында «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының төрайымы Айман Омарова Қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты мәліметтерді баяндады.
-
Жалдамалы пәтерге субсидия. Қатысушының талапқа сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин азаматтарға тұрғын үйді жалдау және шығындар бөлігін өтеу цифрлық платформада қалай жүргізілетінін айтып берді.
-
Цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі – Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Цифрлық майнинг бойынша негізгі шаралар 3 бағытта жүргізілетінін айтты.
-
Түркістандық полицейлер ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық полицейлер ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қоғам бізден шынайы және пәрменді шаралар күтіп отыр – Әлихан Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
-
Мұнай-газ, автомобиль саласы. Премьер-министр әріптестеріне бірқатар тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мұнай-газ және отандық автомобиль саласы бойынша министрлерге бірқатар тапсырма берді.
-
Тиісті бақылау мен үйлестіру жоқ – Смайылов экономикалық аймақтардың жұмысы туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу механизмдерін түбегейлі қайта қарап, барлық жобалар мен қатысушыларға тексеру жүргізу керегін тапсырды.
-
Астанада бұрқасын салдарынан екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына арналған сабақтар ауа райына байланысты қашықтан өтеді. Бұл туралы қалалық білім басқармасынан хабарлады.
-
Түркістан облысындағы ауыл мектебінің аумағында жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 15 ақпан күні сағат 8:25 минут шамасында Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №19 А мекенжайда орналасқан «Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің» жанында орналасқан қазандықта жарылыс болған.
-
Смайылов ауыл шаруашылығы саласында атқарылуы тиіс жұмыстарды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы саласы бойынша қандай жұмыс атқарылуы керегін айтты.
-
Алматыда оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының шетінде оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Майнинг саласының мәселелерін шұғыл реттеуіміз керек – Премьер-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
-
Смайылов делдалдар алып отырған комиссияларға талдау жүргізуге бір ай уақыт берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов делдалдар алып отырған комиссиялар мен тарифтерге талдау жүргізуге бір ай уақыт берді.
-
Сұлтанов ірі базарлардың қызметін ретке келтіру туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.
-
Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резерві өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесу өткіздім. Ондай жиын дәстүрге айналып келеді, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
-
Смайылов Қаржы министріне тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Қаржы министріне тапсырма берді.
-
Елімізде кәсіптік біліктілікті тану жүйесі енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.
-
Министр цифрлық майнинг қызметі қалай реттелетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты.
-
Жұмыспен қамтылған халықтың 41%-ы табысы төмен салаларда жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыспен қамтылған халықтың 41%-ы табысы мен өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейтінін айтты.
-
Елімізде АЭС салу неғұрлым перспективалық шешім - Ақшолақов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты.
-
Ұлттық компаниялардың бір көзден сатып алу тәсілі қысқартылады – Қаржы министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша ақпарат берді.
-
Министрлік «АЭС-пен жасыл» сценарий белгілеуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты.
-
Мемлекеттік сатып алу толығымен электронды форматқа көшірілді – Жамаубаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алу бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
-
Шетелге заңсыз әкетілген қаражат елге қалай қайтарылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелге заңсыз әкетілген қаражатты елге қайтару бойынша әзірленген шаралар туралы айтты.
-
Мемлекеттік қолдау шараларының мониторинг жүйесі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік қолдау шараларының мониторинг жүйесі іске қосылғанын айтты.
-
Үлестік тұрғын үй құрылысының үлкен көлеңкелі айналымы бар – Жұманғарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.
-
Шекарадағы электрондық кезек жүйесі жетілдіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шекарадағы электрондық кезек жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
-
Үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер жасырын схемалар бойынша сатылады – Жұманғарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.
-
Жалдамалы пәтердің жартысын мемлекет төлейтін жоба 15 наурыздан басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
-
Жұманғарин бастапқы тұрғын үй бағасының өсуіне не себеп болғанын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.
-
Үкіметте Парламент Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобымен кездесу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған шараға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
-
11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпанның ақтүтек бораны әбігерге салып тұр. 11 аймақта күн райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
-
ИИДМ құрылыс нарығын монополиясыздандыру жөнінде шаралар қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы талаптарды қайта қарап, жер учаскелерін конкурстан тыс беру тәжірибесін заңнамалық түрде алып тастауды жоспарлап отыр.
-
Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік жинау туралы келісімдер қайта қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
-
Алдағы 4 жылда жаңа тұрғын үйлерге 1,5 ГВт электр энергиясы қажет болады – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елдімекендерді салу жоспарларын ескере отырып, коммуналдық инфрақұрылым қуатын арттыру бойынша тапсырма қалай орындалып жатқанын баяндады.
-
Тоғжанов «Бақытты отбасы» білім беру ақпараттық-консультативтік орталығында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының ынтымақтастығы аясында құрылған «Бақытты отбасы» білім беру ақпараттық-консультативтік орталығында жұмыс сапарымен болды.
-
Еуроодақ елшілері: Еуропада Жаңа Қазақстанды құруға қолдау көрсетуге дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытын дәйекті қолдауға мүдделі.
-
Өскенбаев Президент тапсырмасы қалай орындалып жатқанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасы қалай орындалатынын түсіндіріп берді.
-
Мәжіліс спикері фракция жұмысына жаңа тәсілдерді енгізуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырыста Ерлан Қошанов Мәжілістегі Nur Otan фракциясының жетекшісі болып сайланды.
-
Елорда әуежайында он шақты рейс кешіктірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешіктіріліп жатыр.
-
Майнингке салық көлемі қалай көбейтіледі? Министр түсіндіріп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров майнингке салық көлемі қалай ұлғайтылатынын түсіндіріп берді.
-
«Қарапайым заттар экономикасы». Екі жылда 1,4 трлн теңгеге өнім шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асырудың екі жылында 1,4 трлн теңге сомасына өнім шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндап берді.
-
«Атамекен» ҰКП қызметі реформаланады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ведомствоға шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға бағыттай отырып, «Атамекен» ҰКП реформалау тапсырмасы қойылғанын айтты.
-
Ақмаржан Қалмұрзаева: Өз мүмкіндігімді толығымен пайдалана алмадым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмаржан Қалмұрзаева фристайл-акробатикадан Олимпиада ойындарының бірінші финалында бақ сынады.
-
Елімізде коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде жеке топқа бөлу практикасы енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында оларды коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде жеке топқа бөлу практикасы енгізілетінін айтты.
-
Министр халықтың әл-ауқатын жақсартуға кедергі келтіретін негізгі себептер анықталғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров халықтың әл-ауқатын жақсартуға кедергі келтіретін негізгі себептер анықталғанын айтты.
-
Жас министр өзіне жүктелген бес тапсырма туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров министрлікке бекітілген бес тапсырманы атады.
-
Әбдіқалықова үлескерлер арасындағы мәселелерді байыппен шешуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта жер телімдерін иелену мәселелері бойынша Сырдария ауданындағы «Шаған жер» ЖШС шаруалары арасында өзара түсінбеушіліктер туындап, даулы мәселелерге ұласты.
-
Қазақстанда перзентханаларда сәбилерге COVID-19 қарсы екпе салынады деген рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19 қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тарады.
-
15 ақпан. Елдегі эпидемиологиялық жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 15 ақпанға арналған елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
-
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 15ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Бейжің-2022: Қазақстандықтардың 15 ақпандағы жарыс кестесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 15 ақпанда қазақстандық атлеттер екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Елорда мен Қарағандыда бұрқасын салдарынан оқушылар қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда мен Қарағандыда қатты бұрқасын салдарынан оқушылар сабақты қашықтан оқиды.
Наверх