Қысқы спорт мемлекет тарапынан қолдауға зәру – бас бапкер

15 Ақпан 2022, 15:29
1818
Бөлісу:
Қысқы спорт мемлекет тарапынан қолдауға зәру – бас бапкер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Биекенов  Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады. 

Бапкерлер құрамына тоқталар болсақ, 2018 жылдан бері Олимпиадалық дайындық орталығында словениялық азамат жұмыс істеді. Оны жастарды дайындау үшін арнайы шақыртқан болатын. Онымен қатар словениялық бапкер Матеж Зупан жұмыс істеді. Ол Олимпиада чемпиондарын, Әлем чемпиондарын дайындаған. Атақты спортшылар шығатын Германия, Норвегия, Австрия спортшыларын жаттықтыратын тренерлік құрам үшінші цикл ауысқан емес, - деп атап өтті бас бапкер. 

Сонымен қатар ол барлығы қаражатқа байланысты екенін алға тартты. 

Олардың алатын ең аз жалақысы – 5000 евро. Ондай мамандармен қуана жұмыс істейтін едік. Олар жаттықтырған соң Олимпиада ойындарына қатысуға, медальға таласуға мүмкіндік туады. Қазіргі уақытта біздің командамыз өте жас. Спорттың бұл түрі де өте күрделі. Өңірлерде трамплиннің базасы да жетіспейді. 2010 жылы салынған балаларға арналған жалғыз база Алматыда ғана бар. Осы тұрғыда бізге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, жақсы болар еді. Жағдай жасалған соң ғана медаль туралы айтуға болады, - деді Қайрат Биекенов. 

Өзгелердің жаңалығы