Үлестік тұрғын үй құрылысының үлкен көлеңкелі айналымы бар – Жұманғарин

15 Ақпан 2022, 10:22
1521
Бөлісу:
Үлестік тұрғын үй құрылысының үлкен көлеңкелі айналымы бар – Жұманғарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты. 

Президенттің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған зейнетақы төлемдерін пайдалану бағдарламасы, үлестік тұрғын үй құрылысының үлкен көлеңкелі айналымы бар монополияланған нарығы дайын емес екенін көрсетті. Сонымен, 2,5 трлн зейнетақы қаражатының 68%-ы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікті тұрғын үй сатып алуға, ал 4% - дан төмені үлестік құрылыс келісімшарты бойынша тұрғын үй сатып алуға бағытталған, - деді ол. 

Жұманғарин атағандай, үлестік тұрғын үй құрылысының үлкен көлеңкелі айналымы бар монополияланған нарығы бұған дайын болмады.

Іс жүзінде, танымал құрылыс салушылар, компанияның брендін алып, құрылысты жүзеге асырмай, объектілерді жарнамалау үшін пайдаланады. Тұрғын үйді салу және сату процесін құрылыс салушының уәкілетті компаниялары болып табылмайтын үшінші тұлғалар жүзеге асырады, бұл объектінің құрылысы үшін жауапкершіліктен, сондай-ақ монополияға қарсы және салықтық бақылаудан кетуге жол ашады. Оның ішінде құрылыс салушылармен заңды байланысы жоқ ұйымдар сатқан пәтерлерді сатып алушылар, құқықтық кепілдіксіз қалуда. Бұл тұрғын үй сапасына және объектілерді тапсыру мерзіміне қатысты жаппай шағымдардың көбеюіне себеп болып отыр, - деді ол. 

Жұманғарин атап өткендей, келісімшарттың негізсіз шарттарын міндеттеу тәжірибесі кеңінен таралуда. 

Бұл - құрылыс салушылармен үлестес басқарушы компаниялармен, байланыс, интернет қызметтері, кабельдік теледидар операторларымен келісімшарт жасасу, паркинг сатып алу бойынша талаптар. Осылайша, монополиялық құрылыс нарығы, көршілес нарықтардағы бәсекелестікті шектейді, - дейді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы