Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

15 Ақпан 2022, 08:15
1148
Бөлісу:
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 15ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғып, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. 

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарда жел күшейеді. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с, түнде - 23-28 м/с. 

Павлодар облысында бұрқасын, облыстың солтүстігінде – қатты бұрқасын, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с болады. 

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде боран болады. Жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында желдің күші - 23-28 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, таулы аудандарда жел екпіні - 23 м/с. 

Ақмола облысында бұрқасын, облыстың солтүстігінде, батысында тұман, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығыс жартысында желдің күші 23 м/с жетеді. 

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні - 15-20 м/с. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, оңтүстігінде желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында боран соғады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Түнде Қарағанды облысында басым бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі, түнде солтүстігі мен орталығында желдің екпіні - 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы