Министр цифрлық майнинг қызметі қалай реттелетінін айтты

15 Ақпан 2022, 10:49
1405
Бөлісу:
Министр цифрлық майнинг қызметі қалай реттелетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша майнерлерге техникалық шарттарды алу үшін негізделетін келісім-шарттарды зерделеу бөлігінде электр энергиясын тұтынудың мақсаттары мен нақты көлемі тұрғысынан тұтынушылардың берілген техникалық шарттары бойынша тексеру жүргізілетін болады, - деді ол. 

Ақшолақов цифрлық майнингті реттеу және дамыту бөлігінде бірқатар ұсыныс айтты. 

Цифрлық майнинг субъектілеріне электр энергиясын тұтынуға квота қалыптастыру, цифрлық майнингтермен электр энергиясын орталықтандырылған саудада босату бағасынан жоғары атып алуды қамтамасыз ету, қуат нарығында басқа электр энергиясының тұтынушылары арасында дифференциация жолымен цифрлық майнинг субъектілері үшін тарифті артыру қажет, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы