Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесу өткіздім. Ондай жиын дәстүрге айналып келеді, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
Осыған дейін резервшілер тізімі бекітілген бетте қатысушылармен танысып, оларды білім және ғылым саласында жұмыс істеуге шақырғанбыз. Бүгінде Білім және ғылым министрлігінде 7 резервист жұмыс істейді, сондай-ақ 18-і БҒМ ведомстволық бағынышты ұйымдарында Директорлар кеңесінің құрамына кіреді, - деді министр.
Кездесуде ПЖКР мүшелері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Солардың бірі - білім және ғылым салаларын цифрландыру, мектептерде бірлесе кәсіптік диагностика мен тексерулерді қамтитын кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу.
Сонымен қатар резервшілер корпоративтік хатшыларды оқыту мәселесін көтерді. Нәтижесінде корпоративтік хатшылар мен Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту курсын бастаймыз деп келістік. Алдағы уақытта да ПЖКР қатысушыларын министрліктің жұмысына тартуды жалғастыратынымызды атап өткім келеді, - деп жазды ол.