Алматыда оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды

15 Ақпан 2022, 11:23
1188
Бөлісу:
Алматыда оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының шетінде оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Табылған затқа «Дархан» ықшамауданының тұрғыны тап болған, ол бірден дабыл қаққан.

102 пультіне хабар берген азаматтың айтуынша, ол туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 мм калибрлі патрондар, 9 мм калибрлі патрондар, 2,3 калибрлі патрондар, саны бойынша противогаз, револьвер, сонымен қатар, «Молотов коктейлін» тәркіледі. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Қару мен оқ-дәрiлердiң көрсетiлген жерде пайда болу мән-жайлары жедел іс-шаралар барысында анықталатын болады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.


 

Өзгелердің жаңалығы