Қазақстанда перзентханаларда сәбилерге COVID-19 қарсы екпе салынады деген рас па?

15 Ақпан 2022, 08:44
1951
Бөлісу:
Қазақстанда перзентханаларда сәбилерге COVID-19 қарсы екпе салынады деген рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19 қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тарады.

ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады stopfake.kz сайты.

Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, мұндай апараттар фейк.

Біздің елімізде де, әлемде де, жаңа туған нәрестелерді COVID-19 қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан жоқ. Қазақстанда 12 жастан асқан балалар ғана COVID-19 қарсы егіледі. Рұқсат етілген вакцина – Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty. Оны ДДСҰ мақұлдады. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді тек олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының ерікті келісімімен ғана вакцинациялайды, – деді ол.

Ержан Байтанаев қазақстандықтарды көрінеу жалған ақпарат таратпауға шақырды және елімізде мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы