Спортты ғылыммен ұштастырып жұмыс істесек, нәтижелі болады – Елсияр Қанағатов

15 Ақпан 2022, 15:45
1761
Бөлісу:
Спортты ғылыммен ұштастырып жұмыс істесек, нәтижелі болады – Елсияр Қанағатов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады. 

Оның айтуынша, Олимпиада ойындарына дайындық кезінде кеңесші-бапкерлерді тарту тәжірибесінің пайдасы зор. 

Кеңесші-бапкерлерді тарту әлемдік тәжірибеде бар дүние. Қытай 2008 жылы Жазғы Олимпиада ойындарын өткізген кезде көптеген шетелдік бапкерлерді тартты. Олардың жанына отандық мамандарды қатар қойып, олардан білмегендерін үйренді. Біздің ұстанымымыз да осындай. Шорт-тректен біз де бірнеше бапкерлерді шақырттық. Спорттан нәтиже күтсек, оны балаларды дайындаудан бастауымыз керек, - деп атап өтті ҰОК спорт дирекциясының директоры. 

Сонымен қатар ол спортты ғылыммен ұштастыру қажет деп санайды. 

Ұлттық Олимпиада Комитеті спорт медицинасымен де жұмыс істеп келеді. Медициналық орталықтар құрып, заманауи жабдықтар сатып алды. Алайда бұл аздық етеді. Бізде ғылыми-зерттеу институты жоқ. Ол бұқаралық спорт үшін де, кәсіби спорт үшін де қажет. Ғылым бапкерлерімізге көмектесіп, жұмыс істеуі керек, - Елсияр Қанағатов. 

Өзгелердің жаңалығы