Ұлттық компаниялардың бір көзден сатып алу тәсілі қысқартылады – Қаржы министрі

15 Ақпан 2022, 10:37
1363
Бөлісу:
Ұлттық компаниялардың бір көзден сатып алу тәсілі қысқартылады – Қаржы министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша ақпарат берді.

Осы жылдан бастап «Самұрық-Қазына» қорын қоса алғанда, ұлттық компаниялардың сатып алуын реттейтін жаңа заң қолданысқа енгізілді. Ұлттық компанияларда бір көзден сатып алудың 12 негізі, ал қор бойынша 10 негіз қысқартылды, - дейді ол.

Ұлттық компаниялардың сатып алулары толығымен автоматтандырылып, мемлекеттік сатып алу тәсілдеріне барынша сәйкестендірілді. 

Ұлттық компаниялар мен қордың бір көзден сатып алу тәсілін қысқарту бойынша шаралар жалғасады. Қордың сатып алу тәртібін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл ретте холдингішілік кооперация шеңберінде сатып алуды алып тастау ұсынылып отыр, - деп айтты Жамаубаев Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы