Астанада бұрқасын салдарынан екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

15 Ақпан 2022, 11:41
1063
Бөлісу:
Астанада бұрқасын салдарынан екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына арналған сабақтар ауа райына байланысты қашықтан өтеді. Бұл туралы қалалық білім басқармасынан хабарлады.

15 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшеді,-делінген хабарламада.

Бұған дейін  Қазгидромет 15, 16 және 17 ақпанда -30 градус аяз болатынын хабарлаған еді.  

Өзгелердің жаңалығы