Қар құрсауынан 259 адам құтқарылды

15 Ақпан 2022, 13:50
1293
Бөлісу:
Қар құрсауынан 259 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте елімізде қар құрсауынан 259 адам, оның ішінде 30 бала құтқарылып, 21 техника шығарылды.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта жылыту пункттерінде 139 адам, оның ішінде 14 бала бар. Блок бекеттерде 664  техника, оның ішінде 346 жеңіл және 318  жүк көлігі тұр.

Кеше кешке еліміздегі блок бекеттерде 1 400 көлік тұрған болатын.

Авариялық-құтқару және автожолдарды қардан тазарту жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 232 адам және 134 техника жұмылдырылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі мен облыстық маңызы бар автожолдардың 42 учаскесі жабылды.

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында республикалық және аумақтық жедел штабтар құрылды.

Өзгелердің жаңалығы