Ел намысын қорғау үшін барымды салдым – Абзал Әжіғалиев

15 Ақпан 2022, 15:06
1626
Бөлісу:
Ел намысын қорғау үшін барымды салдым – Абзал Әжіғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Абзал Әжіғалиев Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.  

Елімнің намысын қорғап, абыройлы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Халқыма жақсы эмоция сыйлай білдім деген ойдамын. Кезегімді күткенше біраз қобалжығаным рас. Жарыс жолында әр сәтімнен барынша ләззат алдым. Медаль алуыма тактика жетпеген шығар, - деп атап өтті спортшы. 

Сонымен қатар ол қолымнан келген күшімді сарқып қалмадым деп отыр. 

Ширек финалдағы қарсыласым өте мықты еді. Финалға дейін әр жарысымда нағыз сайыс болды. Жартылай финалда қарсылас болып осы қашықтықтағы Қытайдың Олимпиада чемпионымен шықтым. Канада мен Венгриядан келген спортшылар да «сен тұр, мен атайындар». Шорт-тректе алда не күтіп тұрғанын ешкім болжай алмайды, - деді Абзал Әжіғалиев. 

Өзгелердің жаңалығы