Шетелге заңсыз әкетілген қаражат елге қалай қайтарылады?

15 Ақпан 2022, 10:28
1646
Бөлісу:
Шетелге заңсыз әкетілген қаражат елге қалай қайтарылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелге заңсыз әкетілген қаражатты елге қайтару бойынша әзірленген шаралар туралы айтты.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда салықтық әкімшілендіру мақсатында ақпарат алмасу бөлігінде халықаралық ынтымақтастықта құқықтық база дайындалды.

Атап айтқанда, қаржылық шоттар бойынша автоматты түрде ақпарат алмасу туралы көпжақты келісім шеңберінде 
62 юрисдикциядан ақпарат алу рәсімделді. Бұл 2019 жылдан бері кезеңді қамтиды, - деді министр.

Жамаубаев атағандай, Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Капиталды елге қайтару және шетелге, оның ішінде оффшорлық юрисдикцияларға қаражаттың кетуіне қарсы бағытталған шараларды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар дайындалып жатыр. Бұдан басқа, дивидендтерге салық салу, материалдық емес қызметтер және бақыланатын шетелдік компаниялар бойынша шегерімді шектеу жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленді, - деп атап өтті Қаржы министрі.

Сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік тәжірибелерін ескере отырып, трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заң қабылданады.

Ол бағыт бойынша нақты ұсыныстар екі ай ішінде Мемлекет басшысына баяндалатынын жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы