Елімізде АЭС салу неғұрлым перспективалық шешім  - Ақшолақов

15 Ақпан 2022, 10:42
1250
Бөлісу:
Елімізде АЭС салу неғұрлым перспективалық шешім  - Ақшолақов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты. 

Біздің еліміз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Елімізде ядролық отын компоненттерін өндірісі бар, сондай-ақ уранды изотопты байыту қызметтерге қол жеткілікті.Өткен жылда Үлбі металлургия зауытында Қытайдың атом электр станциялары үшін ядролық отын шығаратын зауыт іске қосылды. Ядролық отынның белсенді өндірісі басталды, - деді Ақшолақов. 

Министр атағандай, АЭС-ты салуды неғұрлым перспективалық шешім.

Өндірістік қуаттардың тозуымен байланысатын электр энергиясының алдағы тапшылығын, әлемдік экологиялық күн тәртібіне орай көмір генерациясынан тәуелділігін төмендету қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамудың ауқымды әлеуетін ескере отырып, елімізде АЭС-ты салуды неғұрлым перспективалық шешім болып табылады деп пайымдаймыз, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы