Цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі – Мусин

15 Ақпан 2022, 12:30
1629
Бөлісу:
Цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Цифрлық майнинг бойынша негізгі шаралар 3 бағытта жүргізілетінін айтты.

Цифрлық майнинг бойынша негізгі шаралар 3 бағыт бойынша жүргізіледі. «Сұр майнерлер» бойынша, Энергетика министрлігі және құқықтық органдардан құрылған мобильді топтардың револьверлік тексеру жүйесі енгізіледі.  Сондай-ақ оларды жүйелі түрде анықтау үшін ұйымдардың тізімі жасалып, тұтынылатын электрэнергияның тарихи деректері құрылады және салықтық, кедендік тексерулердің нақты алгоритмі қолданылады, - деді министр.

Одан бөлек, уәкілетті органдармен бірлесе отырып, ІР адрестерге шектеу қою арқылы сұр майнерлердің іс-әрекетіне тыйым салу тетіктері пысықталады.    

Сондай-ақ тиімді  шешімдердің бірі -  «сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеу заңнамада қарастыру мәселесі талқыланады. Аталған шаралар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Энергетика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп қабылданады. Нарықты реттеу бойынша цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі. Мұнда негізгі критерий - техникалық талаптарға сәйкес болу, яғни қажетті жабдықтардың, өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті бөлменің және міндеттемелердің болуын қарастыру, - деп атап өтті Цифрлық даму саласының басшысы.

Сондай-ақ арнайы тарифті енгізу, электр энергиясын квоталау жүйесі нарық мүшелері мен жалпы мемлекет үшін ашық және түсінікті нарық қағидаттарын орнатады.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, салық салудың оңтайлы жүйесі айқындалады. Сондай-ақ ESG талаптарын сақтау тұрғысынан «ақ майнерлерге» қарсы міндеттемелер қойылады. Цифрлы активтер жөніндегі заң жобасы бір топ мәжіліс депутаттарымен бастамашылық етілген болатын. Бұл іс-шаралар аталған заң жобасының аясында талқыланады, - дейді Бағдат Мусин.

Одан бөлек, елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін криптоиндустрия саласын дамыту үшін экожүйені құру бойынша шаралар қабылданады.  Атап айтқанда, криптобиржаларды құру, криптобиржа қатысушылары үшін банктік қызмет көрсетуді іске қосу және майнингтік пулдарды құру.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар нарықта нақты және айқын ережелерді орнатуға, электр желісін шамадан тыс жүктелуін болдырмауды және майнингтік фермалардың көпшілігін «сұр аймақтан» шығаруға оң әсерін тигізеді. 

Өзгелердің жаңалығы