Нұр-Сұлтан – Абу-Даби жаңа әуе рейсі ашылды

15 Ақпан 2022, 15:45
2031
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан – Абу-Даби жаңа әуе рейсі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аптасына 2 рет ұшатын рейске билет бағасы 20 евродан басталады, деп хабарлады ҚР ИИДМ ресми сайты хабарлады.

2022 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясының арасындағы бірлескен мәлімдеме аясында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің астаналары арасында жаңа тұрақты рейс ашылды.

"Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Абу-Даби бағытындағы рейстері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес аптасына 2 рет - дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

Бір бағытқа билеттің бағасы 20 евродан басталады.Аптасына 2 рет ұшатын рейске билет бағасы 20 евродан басталады

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы