Қарағанды облысының тасжолында қанша көлік боранда қалды?

15 Ақпан 2022, 15:28
1619
Бөлісу:
Қарағанды облысының тасжолында қанша көлік боранда қалды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» бағытындағы қозғалыстың жағдайы туралы айтты. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысынан өтетін барлық деңгейдегі жол жабық. Қазір полиция департаменті маңызы бар тас жолдарда қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді Құдияров.

Ол облыстық полиция департаментінің патрульдік полицияның взвод командирі Дәурен Қабдірашұлы осы бағыттағы тасжолда бірнеше жыл жұмыс істеп жүргенін айтты. 

Қазір Қарағанды облысы бойынша  жолдарда көліктердің барлығы тоқтап тұр, жол жабық. Жол бойында қалған көлік өте көп. Әр көлікке тоқтап, ішінде адам бар ма жоқ па екенін тексеріп жүрміз. Адамдар қалған болса, оларды пунктке жеткізіп жүрміз. Қазір де жолаушылардың барын немесе жоғын анықтап жүрміз. Облыс тұрғындарынан осындай ауа райы кезінде ешқайда шықпауын өтінеміз, - деді Қабдірашұлы.

Облыстағы 15 бекетке 54 полиция қызметкері мен 23 арнайы техника жұмылдырылған. 15 ақпандағы жағдай бойынша 1508 адам, 967 көлік боранға ұрынған. Теміртаудан Қарағандыға келе жатқан 123 адам тоқтауға мәжбүр болған. Қарағандыдан Теміртауға келе жатқан 253 адам қаладан шыға берісте тоқтатылған. 

Аталған бағыттағы жолға «Қарағанды-Нұр-Сұлтан» учаскесі кіреді. 

 

Өзгелердің жаңалығы