Елорда әуежайында он шақты рейс кешіктірілді

15 Ақпан 2022, 09:44
949
Бөлісу:
Елорда әуежайында он шақты рейс кешіктірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешіктіріліп жатыр.

Астана әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов авиакомпаниялардың байланыс орталықтарынан рейстер туралы ақпаратты біліп отыру қажет екенін айтты.

 Елордадағы метеожағдайға байланысты  Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан ұшып келуі тиіс 10 рейс пен ұшып кетуге тиіс  7 рейс кешіктіріліп жатыр. Жолаушылар авиакомпаниялардың колл-орталықтары мен әуежайдың анықтамасынан біліп отыруға шақырамыз, - Анвар Шалекенов.

Бұдан басқа, ауа райының қолайсыздығынан ел бойынша бірнеше республикалық трассалар жабылды. Кейбір жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Бұған дейін еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын. 15 ақпанда синоптиктер боран мен қатты жел болады деп ескерткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы