Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік жинау туралы келісімдер қайта қаралады

15 Ақпан 2022, 10:04
1711
Бөлісу:
Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік жинау туралы келісімдер қайта қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Министрдің сөзінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ведомство қазіргі уақытта отандық кәсіпорындардың автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы өндірістерін жергіліктендіру туралы уағдаластықтарды орындауына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Сарапшылар Алматы, Қостанай және Орал қалаларындағы 3 зауытты аралады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау үшін біз жұмыс комиссиясын құрдық. Оған мемлекеттік органдардың, Парламенттің, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері мен блогерлер кірді. Көшпелі тексерулерді осы айдың соңына дейін аяқтаймыз. Оған қоса автоөндірушілердің алаңдарында Ашық есік күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бастама Қостанай мен Алматыда қолдау тапты, - деп түсіндірді министр.

Бұл шара өндірістерді жергіліктендіру туралы уағдаластықтарды орындауға қатысты кәсіпорындардағы нақты жағдайды көруге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Қайырбек Өскенбаев Министрлік шағын торапты құрастыру және компоненттерді өндіру бойынша міндеттемелерге баса назар аудару үшін өнеркәсіптік жинау туралы барлық келісімге талдау жүргізетінін хабарлады. Басқаша айтқанда, преференцияларды алушы зауыттарға жиналатын техниканы Қазақстанда шығарылған бөлшектермен құрастыруды міндеттейді. Ол үшін жаңа өндірістер құру, мүмкін тәжірибелі шетелдік компаниялардың қатысуымен пысықтау қажет болады.

Жергіліктендіру деңгейін арттыру үшін ҚР ИИДМ автокомпоненттерді өндіру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспарын жасады. Сондай-ақ, бірлескен өндіріс құру және инвестициялар тарту үшін сертификатталған жеткізушілерді тарту мәселесін пысықтап жатырмыз. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Үкіметке осы жылдың мамыр айына дейін тиісті ақпарат енгізіледі, - деді ИИДМ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы