Мемлекеттік қолдау шараларының мониторинг жүйесі іске қосылды

15 Ақпан 2022, 10:23
1511
Бөлісу:
Мемлекеттік қолдау шараларының мониторинг жүйесі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік қолдау шараларының мониторинг жүйесі іске қосылғанын айтты.

Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып жатыр. Тиісті жол картасы қабылданып, онда бюджет шығыстарын бағалау құралдарын кеңейту, шығыстарды қадағалау тетігін енгізу және қаражатты бөлу басымдықтарын айқындау көзделеді, - дейді министр.

Айтуынша, қазіргі уақытта 80 шара мен 9 мемлекеттік және салалық бағдарламаны қамтитын мемлекеттік қолдау шараларының мониторинг жүйесі іске қосылды. 

Жүйе мемлекеттік қолдау шараларын алуға дейінгі және одан кейінгі субъектінің қаржылық-экономикалық тиімділігін анықтауға, салық түсімдері түріндегі шығыстарды кірістермен салыстыруға, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға және еңбекақы төлеу қорын арттыруға талдау жасауға мүмкіндік береді, - деп айтты Ерұлан Жамаубаев.

Бұл жүйені құру жөніндегі жұмыс нәтижелері жаңа әдістемені әзірлеу кезінде ескеріледі.

Өзгелердің жаңалығы