Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке бастары анықталды – Бас прокуратура

15 Ақпан 2022, 13:13
1222
Бөлісу:
Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке бастары анықталды – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура қаңтарда орын алған лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

 Жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталды.Атап айтқанда, тергеумен 2022 жылғы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды.

Аталған адамдармен ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған.Олар полицейлерге дене жарақаттарын бұрын тартып алынған арнайы құралдармен (қалқандар, таяқшалар) жасаған.

Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке бастары анықталды.

1 ақпанда олар соттың санкциясымен қамауға алынды.Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланды.2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер телеэфир ұйымдастыру мақсатында «Көктөбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлап, ол үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға көндіре бастаған және қылмыскерлер олардың өміріне қауіп төндірген, - делінген хабарламада.

1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді. 25 қаңтарда соттың санкциясымен қамауға алынды.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы