Бейжің-2022: Қазақстандықтардың 15 ақпандағы жарыс кестесі

15 Ақпан 2022, 08:00
1838
Бөлісу:
Бейжің-2022: Қазақстандықтардың 15 ақпандағы жарыс кестесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 15 ақпанда қазақстандық атлеттер екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғы қоссайысы 14:00 Үлкен трамплин. К-125. Ерлер 

17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу. Ерлер 

Фристайл 

17:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Ерлер 

17:45 Шаңғы акробатикасы. Екінші іріктеу. Ерлер

 Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде. Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.

Өзгелердің жаңалығы