Все новости за 12 сәуір 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қытайда тұрып қалған 1 300 контейнер елге қарай жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтырдан бері Қытай аумағында тұрып қалған қазақстандық 1300-ге жуық контейнер Қазақстанға келе жатыр, олар әрі қарай бизнесмендердің келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес басқа елдерге жөнелтіледі, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
-
Елордада 15 сәуірден бастап велопрокат жүйесі іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 15 сәуірде «Astana Bike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін барлығы 1000-нан астам велосипед пен 155 велостанция қолжетімді болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
-
Жергілікті стартап АҚШ нарығына шықты – Бағдат Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әріптестерін Ғарышкерлер күнімен және eGov-тың 16 жылдығымен құттықтады.
-
Елде жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 410 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері еліміз бойынша 2600 көлік апаты болып, 410 адам көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
ШҚО-да қар көшкінінен әлі де қауіп бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да қар көшкіні қаупі 15 сәуірге дейін сақталады, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Павлодар мұнай-химия зауыты басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті.
-
NASA-ға оқуға баратын павлодарлық оқушы ғарыштық аппаратқа Қаныш есімін берді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодардағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің оқушысы Ярослава Кравчук АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы ғарыштық агенттікке оқуға бармақ.
-
Мәжіліс депутаттары еліміздің астық нарығын дамытуды ынталандырудың жаңа әдістерін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті еліміздің астық нарығындағы қазіргі жағдай бойынша отырыс өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
-
Вьетнам президентінің көмекшісіне мерейтойлық медалі табыс етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент сарайында Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Ерлан Байжанов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін Вьетнам Президенті әкімшілігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нгуен Ву Ха Леге табыс етті.
-
Ресейде террорлық қауіптің жоғары деңгейі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Украинамен шекаралас бірнеше аймағында террорлық қауіптің жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы Пәкістан Президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов ресми сапар аясында Пәкістан Ислам Республикасының Президенті доктор Ариф Алвимен, Штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Надим Разамен, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Камар Джавед Баджвамен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Асхат Аймағамбетов отандық ғалымдарды марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбында форум-көрме өтті.
-
Қазақстан Елшісі Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда әскери ғалымдарды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салтанатты шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов әскери ғалымдарды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда Нобель фестивалі төртінші рет өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нобель сыйлығының лауреаттарын, ғылымның әлемдік жұлдыздарын, инноваторларды, визионерлер мен бизнес-спикерлерді жинайтын халықаралық IV Нобель фестиваль 12-22 сәуір аралығында өтеді.
-
Елордада ауқымды санитарлық тазалау жұмысы жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың коммуналдық қызметтері қалада санитарлық тазалық жұмысын жүргізіп жатыр. Асфальт, тротуарлар, жиектастар, көпір қоршаулары жуылады, ашық аумақтар қоқыстан тазартылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Картоптан QazVac-қа дейін: Қазақстандық ғалымдардың жетістігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін еліміздің ғалымдары кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр. Биыл отандық ғалымдардың саны 22 мыңнан асты. Осыдан ұлттық ғылым саласының жыл сайын жаңа сатыға көтеріліп келе жатқанын аңғаруға болады. Бүгінгі мақаламызда отандық ғылым саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталамыз.
-
Қазақстандықтарды 37 млн теңгеге алдап кеткен алаяқтар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтарды 37 млн теңгеге алдап кеткен алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сирек ауруға шалдыққан балалар үздіксіз күтімді қажет етеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында сирек кездесетін орфандық дертке шалдыққан 211 бала тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дерттің емі жоқ. Күн сайын өмір үшін күресетін кішкентай пациенттер үздіксіз күтім жасауды қажет етеді.
-
Президент Александр Винокуровты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Александр Винокуровпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Каспий құбыр консорциумындағы апат: Министр жөндеу жұмыстарының созылу себебін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы апатқа түсініктеме берді.
-
Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарына Қазақстандағы саяси реформалар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеямен кездесті.
-
Энергетика министрлігі мен ЕуроПарламент өкілдері саладағы ынтымақтастықты талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігі және Еуропалық Парламент делегациясы энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады – ҚР Үкіметі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Ғылымды дамыту үшін жемқорлардан арылуымыз керек – Қайрат Құдайберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы халықаралық IV Нобель фестивалінің ұйымдастырушыларының бірі, кәсіпкер Қайрат Құдайберген айтты.
-
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қирататындарға жазаны қатаңдату қажет - археолог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ә. Марғұлан атындағы Археологиялық институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жолдасбек Құрманқұлов Алматыда өтіп жатқан «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты.
-
Есепте тұрған сотталушыларға электронды білезік тағылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Байқоңыр ауданы бойынша 20-ға жуық есептегі сотталғанға электронды білезік тағылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Түркістанда 100-ден астам жаңа нысан салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінің жұмыстары қарқынды жалғасуда.
-
Сақтар мемлекет құрған деген тоқтамға әлі келе алмай жүрміз – археолог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сақтарда толыққанды мемлекет болғанын дәлелдейтін көптеген атрибуттары бар. Еуропацентристік ғалымдар 2000 жылға дейін еуропалық скифтерде антикалық мемлекет болды, ал Азиядағы скифтерде мемлекет болмады деп келді.
-
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жолдауда берілген тапсырмаларының орындалу барысы, министрліктің білім және ғылым жүйесін жақсартуға бағытталған бастамалары жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Құнды дүниені 200 жылға жуық сақтау таңқаларлық жайт – Асхат Сайлау
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Қызылорда облысында Марал ишанның мөрі табылды деген ақпарат тарады. Расында бұл құнды жәдігер Марал ишанның баласы Қалқай (Қалмұхаммед) ишанға тиесілі екені анықталды. Екі жүз жылдық тарихы бар мөр қазіргі уақытта ишан ұрпақтарының қолында.
-
Инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылатын әлеуметтік жобаның мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру.
-
Археологтар көне дәуір бұйымдарынан қазақ, түркі мәдениетіне тән ұқсастықтарды іздеуі керек – археолог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Әбдеш Төлеубаев Елекеден табылған алтын сәйгүліктің әшекей бұйымдары жайлы айтып берді.
-
Алматыда 1,9 мың ағашты кесуге 54 млн теңге бөлінді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев Алматы ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
-
Алматыда қоқыс пен жапырақтарды өртеуге тыйым салынған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 9 сәуірде Алматы қаласының тұрғындары мен коммуналдық қызметтерінің бірлескен күшімен 10 910 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды. Сонымен қатар, 5 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл туралы Алматы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев айтты.
-
Алматыда 1 млн ағаш отырғызу қашан аяқталатыны айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Алматыда 350 мың ағаш отырғызылады. Осылайша, Jasyl Almaty-ның 1 миллион ағаш отырғызу акциясын аяқтаймыз. Бұл туралы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
-
Босаңсуға болмайды. Ералы Тоғжанов коронавирустың жаңа штамына дайын болу керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған форумда Вице-премьер Ералы Тоғжанов азаматтарымыз қалыпты өмірге орылғанымен, әлі де босаңсуға болмайтынын айтты.
-
Қазақстандық ғылым саласы. Отандық ғалымдар ерлік жасады – Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбында форум-көрме өтіп жатыр.
-
Жеңілдетілген автонесиелеу шарттары анықталды – ҚР ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңілдетілген автонесиелеу шарттары анықталды. Бағдарлама 2022 жылдың сәуір айының соңында іске қосылады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Лицензиясыз қызмет көрсетіп келген компания анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікті мониторингтеу барысында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензияланбаған қызмет белгілері бар компанияны анықтады.
-
Танымал тележүргізуші балаларды кітап оқуға қызықтырудың жолдарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек Eurasin Book Fair-2022 халықаралық кітап жәрмеңкесінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
-
Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландыда өткен Ротердам марафонында отандасымыз Жанна Мамажанова Қазақстан рекордын жаңартты. Соңғы рет бұл рекордтық көрсеткішті 1987 жылы Токиода Зоя Иванова орнатқан. КСРО Еңбек сіңірген спорт шеберінің ол кездегі көрсеткіші 2:27:57 болатын. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Соқыр ғана көрмейтін шығар. Арыстанов қаңтар оқиғасы кезіндегі полицияның жұмысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Михаил Ломтадзе тағы да Қазақстандағы ең үздік компания басшысы болып танылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kaspi.kz-тің негізін қалаушы әрі басшысы Михаил Ломтадзе бесінші жыл қатарынан Қазақстандағы үздік компания басшысы болып танылды. PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық компаниясы жүргізген СЕО Survey 2022 сауалнамасының нәтижесі осындай.
-
Арыстанов көлікті мас күйінде басқарғандар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Елімізде «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 7 мыңнан астам оқушы «SportFEST Kazakhstan» III республикалық спартакиадасына қатысты.
-
30 бала қаза тапты. Балалардың қатысуымен 465 жол апаты болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Ақберен Елгезек: Кітап жәрмеңкесі – кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын бірден-бір формат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек Eurasin Book Fair-2022 халықаралық кітап жәрмеңкесінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
-
Жыл сайын жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза табады – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
ІІМ басшысы ведомствоны оңтайландыруға арналған курсты жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де алқа отырысы өтті, онда ішкі істер органдарының І тоқсандағы жұмысының қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Министр жеңіл көлік бағасының қымбаттау себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
-
Eurasian Book Fair–2022. Елордада халықаралық кітап көрмесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Eurasiаn Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. 20-24 сәуір аралығында ЕХРО халықаралық көрме орталығына жоспарланған ауқымды шараның түндігі биыл бесінші рет түрілгелі отыр.
-
Бүгін - ғарышкерлер күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні. Осыдан 60 жыл бұрын қазақ жерінен ғарыш кеңістігіне тұңғыш рет адам ұшты. Содан бері бұл күн әлемдік деңгейде ғарышкерлер күні ретінде мерекеленіп келеді, деп жазды el.kz.
-
Елімізде 50-ден астам ғылыми жоба іске асырылып жатыр – Ғылым комитеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева елімізде ғылым саласының жағдайы туралы айтып берді.
-
Министр жауабы: Қайта қаралатын БАҚ туралы заңға қандай ұсыныстар түсті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров БАҚ туралы заңға қатысты пікір білдірі.
-
Қарағанды облысында өрт қауіпті маусым басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпті кезең жарияланды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қарағандылықтарды құрғақ шөпті өртемеуге шақырады.
-
Таиландқа барған туристер ПТР орнына антигенге тест тапсыра алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 1 мамырынан бастап Таиландқа барған шетелдік туристер ПТР орнына антигенге тест тапсыра алады.
-
Ақпарат министрі бала кибербуллингі туралы заңға түсінік берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров кибербуллингтен қорғауға арналған заң әлеуметтік желілердің бұғаттамалмайтынын айтты.
-
Мең мен тыртық. Қазақы наным мен хирургиялық мүмкіндік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары қоғамда қадірі өсіп, жоғары бағалана бастаған мамандықтың бірі – дәрігер. Бүгінгі таңда лазерлік хирургияның әлеуеті артып, жұртшылық тарапынан оған деген сұраныс та көбейіп отыр. Осы орайда дәрігерлер әулетінен шыққан онкохирург Сәкен Сабербековпен әңгімелескен едік.
-
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғарышкерлер күні қарсаңында Қазақстанның тұңғыш ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Археолог мамандарды дайындау өзекті болып тұр – Археология институтының директоры
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Ғылым күніне орай дәстүрлі «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр.
-
Жаңа министр журналистерден бір ай уақыт сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңадан тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында сұрақтарға жауап беру үшін журналистерден бір ай уақыт беруді сұрады.
-
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов дүниеден озды.
-
Ғалымдарымыздың орташа жалақысы 405 мың теңгеге дейін өсті – Закарья
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.
-
Биыл Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға берілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстары басталды. Мәселен, биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысы бойынша 4 жоба қолға алынды.
-
Александр Бублик «Үлкен дулығаның» үш дүркін чемпионын ұтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карло ATP Masters 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Елімізде аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналар шығаратын зауыт пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.
-
Ләззат Қалтаева АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Ләззат Қалтаева қазақстандық парламентшілер делегациясы құрамында Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті.
-
Энергетика министрі сұйытылған газ өндірісі неге азайғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәліп етті.
-
Бірқатар министрлік 15 млрд теңге бюджет қаржысын игере алмады – Қаржы министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың бірінші тоқсанында министрліктер 15 млрд теңге бюджет қаражатын игере алмады.
-
Ғылыми конкурстық рәсімдердің мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық ғылыми кеңестер жұмысы туралы баяндады.
-
Асхат Аймағамбетов ғылым саласында шешімін тапқан проблемалар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отандық ғылым саласында шешімін тапқан проблемалар туралы баяндады.
-
Жалақы, конкурс: Аймағамбетов ғалымдарға қандай жағдай жасалып жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде ғалымдарға жасалып жатқан жағдай туралы айтты.
-
Ұлттық банк: Ресейлік банктерге енгізілген санкциялар қазақстандық банктерге әсер етпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Санкциялар мен шектеулер Қазақстандық банктердің қызметіне байланысты емес және оларға ықпал етпейді.
-
Қазақстанда 22 мыңнан аса ғалым бар – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде 22 мыңнан аса ғалым бар екенін айтты.
-
Қала атауын өзгерту. Әкім петицияға қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков желіде пайда болған петицияға түсініктеме берді, онда Солтүстік Қазақстан облысының орталығын Қызылжар деп қайта атау ұсынылған.
-
Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық валюта бағамы сәуір айында нығаюын жалғастыруда.
-
Үй мәселесі. Министр тұрғындарға баспана көп берілген өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларындағы соңғы жағдай туралы баяндама жасады.
-
Премьер-министр: Үкіметтің алдындағы күрделі міндеттің бірі – инфляцияны ұстап тұру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
-
Министр: Жыл басынан тұрғын үй құрылысы бойынша үш облыста ең жоғары көрсеткіш тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғын үйді пайдалануға беру жыл басынан бері алғаш рет оң серпінге шықты.
-
Қарашөкеев тамақ өнімдері қанша пайызға өскенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 3 айдың ішінде тамақ өнімдері қанша пайызға өскенін айтты.
-
Елімізде өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
-
3 айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,8%-ға артты – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылдың 3 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,8%-ға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.
-
Қуантыров: Сыртқы саудада тауар айналымы 53 пайызға өсіп, 18,2 млрд доллар болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы саудада тауар айналымы 53 пайызға өсіп, 18,2 млрд АҚШ долларына жетті.
-
Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Министр: Алғашқы үш айда ел экономикасы 4,4 пайызға артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
-
Тоғжанов: Еңбектің ең үлкені - ғылым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ғылым қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Батыс Қазақстанда тасқын қаупі сейілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Трансшекаралық өзендердің жоғары ағысынан да мол су келмейді. Мамандар болжамы осындай, деп хабарлады 24.kz.
-
Өткен тәулікте 11 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
-
Бүгін - Қаныш Сәтбаевтың туған күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.
-
Елорданың қоғамдық кеңесі өз жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің І отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
-
ШҚО-да заңсыз балық аулау азаймай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулаған тағы бір тұрғын ұсталды, деп хабарлайды аltaynews.kz.
-
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионатына аттанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Астанада өзін-өзі өртемек болған әйел ауруханаға жатқызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ІІМ ғимараты алдында әйел өзін өртемек болды, деп хабарлайды inform.kz.
-
Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айында НАТО-ға кіруге Финляндия мен Швеция өтініш береді, деп хабарлады The Times басылымы.
-
Covid-19. Жапонияда жаңа штамм анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда омикрон инфекциясының жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
-
Елорданың еңбек ұжымдары «Севильдік шаштараз» операсын тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада мәдениетті насихаттау аясында «МәдениЕл» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл жолы елорданың еңбек ұжымдары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына Россинидің «Севильдік шаштараз» операсына көрермен ретінде шақырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Көкшетауда өрттен 76 жастағы зейнеткер құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласында 9 сәуірде Боровской шағын ауданының 20 шаршы метр алаңындағы 5 қабатты тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтерінде өрт болды, өрт сөндіру барысында 1946 жылы туған 76 жастағы зейнеткер құтқарылды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда газға қосылу үшін берілетін әлеуметтік көмек мөлшері артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 11 сәуірден бастап үйлерді газға қосу үшін берілетін әлеуметтік көмек мөлшері ұлғайтылды. Бұл бастаманы елорда әкімі Алтай Көлгінов ұсынды.
Наверх