Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартты

12 Сәуір 2022, 15:07
1746
Бөлісу:
Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландыда өткен Ротердам марафонында отандасымыз Жанна Мамажанова Қазақстан рекордын жаңартты. Соңғы рет бұл рекордтық көрсеткішті 1987 жылы Токиода Зоя Иванова орнатқан. КСРО Еңбек сіңірген спорт шеберінің ол кездегі көрсеткіші 2:27:57 болатын. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ал Жанна Мамажанова мәре сызығын 2:26:54 уақытта кесіп, Ротердам марафонының қола жүлдесін жеңіп алды. Жаннаның өзі үздік үшікке кіремін деп ойламағанын айтады. 

Марафон ойдағыдай өтті. Жүгіру барсында темпті бірқалыпты ұстауға тырыстым. Қазақстан рекордын жаңартуды алдын-ала жоспарладым. Ол үшін маған әрбір шақырымды 3:30 минутта бағындыру керек болды. Жүгіріп келе жатып, әйелдер арасында шамамен «топ-8», «топ-7» қатарында болатын шығармын деп ойладым. Бірақ соңғы шақырымдарды кениялық екі қызды байқадым. Мәрені кескенде де өзімнің үшінші болып келгенімді білмедім. Мен үшін бастысы ірі халықаралық додада ел рекордын жаңарту болды»-дейді қазақстандық желаяқ Жанна Мамажанова. 

1981 жылдан бері дәстүрлі түрде өтетін, әлемнің үздік он марафондарының қатарына кіретін Ротердам марафонында биылғы жылы он үш мыңнан аса атлет бақ сынаған. 

Өзгелердің жаңалығы