Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовпен кездесу өткізіп, оның барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.
Келіссөздер барысында дипломаттар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ осы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты түрлі іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелерін талқылады.
Оқи отырыңыз: