Елімізде 50-ден астам ғылыми жоба іске асырылып жатыр – Ғылым комитеті

12 Сәуір 2022, 13:33
3658
Бөлісу:
Елімізде 50-ден астам ғылыми жоба іске асырылып жатыр – Ғылым комитеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева елімізде ғылым саласының жағдайы туралы айтып берді.

Оның мәліметінше, елімізде ғылым саласында 22 655 адам қызмет етеді. Оны 1 млн халқымызға 1 172 ғалымнан келеді.

Соңғы жылдары ғылым саласында ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Бірінші кезекте қаржыландыру көлемі екі еседей артты. «Ғылым туралы» заңға жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселелерді реттеуге арналған тиісті өзгерістер енгізілді. Ғылыми ұйымдардың материалдық ахуалы күрт төмендеп кеткендіктен осы мәселе бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жаңа замануи зертханалар, қондырғылар сатып алынды, - деп айтты комитет басшысы.

Жанна Құрманғалиева еліміздің ғылыми қызметкерлерінің жағдайын жақсарту бойынша тиісті шаралар қолға алынғанын айтты.

Соңғы екі жылда жас ғалымдардың саны мың адамға өсті. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен шешіліп отыр. Сондай-ақ отандық ғылым саласында жетістіктер жоқ емес. Вакцинадан бастап 50-ден астам үлкен бағдарламалық ғылыми жоба іске асырылып жатыр, - деп атап өтті ол.

Сөз соңында комитет басшысы отандық ғалымдарды кәсіби мерекемен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы