Арыстанов көлікті мас күйінде басқарғандар туралы айтты

12 Сәуір 2022, 14:39
2059
Бөлісу:
Арыстанов көлікті мас күйінде басқарғандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру аясында 1,2 млн астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолы кесілді.Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 41%-ы (502 076) белгіленген қозғалыс жылдамдығының артуын, 19%-ы (229 687) белгілер мен таңбалар талаптарының бұзылуын құрайтынын атап өткен жөн. 74 мыңға жуық жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (6%) тағы 56 мыңға жуық жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағаны үшін (4,6%) жауапкершілікке тартылды, - деді Арыстанов. 

Ол атағандай, 6,5 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 5,7 мыңға жуық жүргізуші ұсталды.Қатаң санкцияларға қарамастан - яғни 15 күн әкімшілік қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазаларына қарамастан, мұндай бұзушылықтардың 7,5%-ға өсу үрдісі байқалады.Егер осындай жүргізушілер мас күйінде рөлге қайта отырса, оларға түрме мерзімі және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойы айыру қаупі төнеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы