Жыл сайын жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза табады – ІІМ

12 Сәуір 2022, 14:12
2100
Бөлісу:
Жыл сайын жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза табады – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жыл сайын жол-көлік оқиғасынан 2 мыңнан астам қаза табады. Сонымен қатар 20 мың адам әртүрлі дене жарақатын алады. Бұл сан емес, адамның өмірі. Сондықтан бұл мәселемен тек полиция ғана емес, қоғам да айналысуы керек. Жыл басынан бері 2600 жол апаты тіркелді. Оның салдарынан 410 адам қаза тауып, 3500 адам дене жарақатын алған, - деді ол. 

Арыстанов атағандай, бірінші тоқсанның ішінде осындай оқиғалар болғанын айтты. 

Бұл біздің жолдарда тәртіп пен мәдениеттің жоқтығын көрсетеді. Күн сайын оның салдарын көріп отырмыз. Сондықтан жол ережелерін жақсы біліп қана қоймай, оларды сақтауы керек. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жол қозғалысының қалыпты ережелеріне салғырт қарайды, - деді Атығай Арыстанов. 

Өзгелердің жаңалығы