«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады – ҚР Үкіметі

12 Сәуір 2022, 17:35
1432
Бөлісу:
«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады – ҚР Үкіметі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы