Алматыда қоқыс пен жапырақтарды өртеуге тыйым салынған

12 Сәуір 2022, 16:09
2335
Бөлісу:
Алматыда қоқыс пен жапырақтарды өртеуге тыйым салынған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 9 сәуірде Алматы қаласының тұрғындары мен коммуналдық қызметтерінің бірлескен күшімен 10 910 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды. Сонымен қатар, 5 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл туралы Алматы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев айтты.

Әділбаев жалпықалалық сенбіліктер жылына екі рет – көктем мен күзде өткізілетінін жеткізді. Көшелерді, аула аумақтарын, жалпы пайдалану орындарын, арық желілерін, бос жерлер мен жасыл аймақтарды, сондай-ақ өзен арналары мен жағалауларын, су айдындарын санитарлық тазарту жүргізіледі.

Оның айтуынша, Алматыдағы сенбілікке барлығы 61 035 адам шыққан, 510 бірлік техника жұмылдырылыпты. Ал, «Жасыл аула» акциясы аясында тұрғындарға 400 көшет отырғызған. Қала аумағында 5283 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар, оның ішінде қарағай, қайың, шаған, алма, үйеңкі отырғызылды.

Сондай-ақ ол алматылықтардан жиналған қоқысты, жапырақтарды өртемеуін сұрады.

От жағу өрттің таралуына және мүліктің жойылуына әкелуі мүмкін. Оның үстіне, «Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау ережелеріне» сәйкес бұған үзілді-кесілді тыйым салынады, – деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы