NASA-ға оқуға баратын павлодарлық оқушы ғарыштық аппаратқа Қаныш есімін берді

12 Сәуір 2022, 21:27
3800
Бөлісу:
NASA-ға оқуға баратын павлодарлық оқушы ғарыштық аппаратқа Қаныш есімін берді
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодардағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің оқушысы Ярослава Кравчук АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы ғарыштық агенттікке оқуға бармақ.

Ярослава Кравчук – оқушылар сарайының жанындағы астрономиялық клубтың шәкірті. Астраномия ғылымына қызыққан жеткіншек химия, физика және геометрия бағыттарын қатар меңгерді. Бір жылдық оқудың нәтижесінде шағын ғарыштық аппараттың макетін жасады. Құрылғы жерден тыс энергия көздерінен жасыл сутегі отынын өндіреді. 

NASA-ға оқуға баратын павлодарлық оқушы ғарыштық аппаратқа Қаныш есімін берді

Шағын ғарыштық аппаратын Қаныш деп атадым. Қаныш Сәтбаев – қазақ халқының үлкен мақтанышы, жастар үлгі тұратын дара тұлға. Аппарттың көмегімен ғарыштағы астероидтерден жасыл сутегі мен оттегі өндіріледі. Өз басым, мектепте физикалық-математикалық бағыттағы сыныпта оқимын. Физикадан сабақ қарап жатқанда дәл осы идея келді. Уақыт кетірмей, жетекшіммен бірге жоба әзірледік. Астероидтердің құрамында мұз қоры көп екенін білеміз. Мұзды балқытқан соң су аламыз. Ал элекролиздің көмегімен оттегі мен сутегі алынады. Оны адамның қажеттіліктеріне кеңінен пайдалануға болады. Бұл экологиялық тұрғыдан да тиімді, – дейді Ярослава Кравчук.

Дарынды қыз бала үстіміздегі жылдың маусым айында АҚШ-тағы НАСА агенттігіне оқуға бармақ.

NASA-ға оқуға баратын павлодарлық оқушы ғарыштық аппаратқа Қаныш есімін берді

Ғарыштық агенттікке бару – арманым. Мұратыма қол жеткізу үшін жобалар әзірлеп, агенттікке өтініш жолдадым. Біз Марстағы адамдардың миссиясы бойынша жұмыс істемекпіз. Қазіргі уақытта көптеген астрофизиктер мен инженерлер Марс планетасы тақырыбында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізуде. Бұл бағыт мен үшін өте қызықты дүние. Өз тарапымнан үлес қоссам деймін, – дейді оқушы. 

NASA-ға оқуға баратын павлодарлық оқушы ғарыштық аппаратқа Қаныш есімін берді

Айта кетейік, United Space School – жыл сайын жүздеген оқушы мен студенттің басын қосатын пәнаралық оқу бағдарламасы. Клир-Лейк университетінің ғалымдары оқушылармен ғарыштық бағыттағы ғылыми жұмыстарын жүргізеді. 

Ярослава ғылымға бет бұрған қатарластарымен бірге жыл сайынғы «Сәтбаев оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Зияткерлік шараға ғылымның сегіз бағыты бойынша 1200-ден астам ғылыми мақала тапсырылған. Ғылыми материалдар 45 секция бойынша таныстырылды. Оқушылар мен студенттердің жобаларын танымал ғалымдар сарапқа салды. Биылғы жылы Сәтбаев оқулары офлайн форматында ұйымдастырылуда. Пандемия жылдары онлайн форматта өткен еді.

 

Өзгелердің жаңалығы