Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

12 Сәуір 2022, 10:01
3994
Бөлісу:
Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.​​ Ұлттық валюта бағамы сәуір айында нығаюын жалғастыруда.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.

Наурызда геосаяси тәуекелдердің орын алуы және Ресей рублінің жоғары құбылмалылығытеңге бағамына қысым жасады. 16 наурызда теңге бағамы биржада бір доллар үшін 512,17теңгеге жетті. Қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін шектеу үшін Ұлттық Банк жекелеген күндері валюталық интервенциялар жүргізді, олардың көлемі наурызда 990,5 млн доллар болды, - деді ол.

Оның атап өтуінше, бюджетке берілетін трансферттер үшін Ұлттық қордан 891 млн долларды сату және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 233,4 млн доллар мөлшерінде валюталық түсімдерін сатуы да теңгеге қолдау көрсетті.

Теңге бағамы наурызда төмендеуінің едәуір бөлігін қалпына келтірді және ай қорытындысы бойынша 5,7%-ға нығайып, бір доллар үшін 467,03 теңге болды. Ұлттық валюта бағамы сәуірдің басында нығаюын жалғастырып, 11 сәуірде 449,63-ті жетті, - деді Ғалымжан Пірматов.

Өзгелердің жаңалығы