Елімізде «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

12 Сәуір 2022, 14:35
1827
Бөлісу:
Елімізде «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 7 мыңнан астам оқушы «SportFEST Kazakhstan» III республикалық спартакиадасына қатысты.

Биыл жарысқа республиканың 17 өңірінің 215 ауданынан 2004-2007 жылғы оқушылар бақ сынасты. «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасында бұрынғыдай шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол, ұлдар арасында футзал, әскери қолданбалы спорт, тоғызқұмалақ ойындары бар.

Елімізде «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

Сайыс еліміздің барлық өңірінде өтті. Спартакиада екі іріктеу кезеңінен тұрады. Алдымен барлық облыста және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында аймақтық жарыстар өтеді. Бұл кезеңде аудандық, облыстық маңызы бар қаланың командасы өзара сайысқа түседі. І кезеңнің жеңімпаздары «Балдәурен» лагерінде (Бурабай қаласы) өтетін ІІ турда өңірінің немесе қаласының намысын қорғайды.

Елімізде «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

«SportFEST Kazakhstan» - бұл жас спортшыларды қолдайтың бірегей жоба. Бұл инициатива «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен өтеді. Қор балаларды қолдау мен дамытуға арналған көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Елімізде «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы ақтық іріктеу кезеңінде финалистерді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының Бас директоры Альфия Адиева құттықтады. Айтуынша, спорт тек рекордтар мен жарыстар емес, бұл біріншіден жан және тән саулығы, темірдей тәртіп әрі керемет орта.

Өздеріңіз білетіндей, «Samruk-Kazyna Trust» жұмысының басым бағыттарының бірі балалармен жұмыс, олардың құқығын қорғау, әртүрлі бағыт бойынша нақты қолдау көрсету. Дәл осы бастама аясында, қор оқушылар арасында салауатты өмір салтын ұстану қағидаттарын қалыптастырып, көптеген жастың спортқа келуіне ықпал етеді, - деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Айта кетейік, балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі танытуына және дене дайындығын түзетуге бағытталған республикалық спартакиада жастар арасында бұқаралық спорт пен патриоттық тәрбиені насихаттайтын жарыс ретінде танылды. Жоба басталғаннан бері республика бойынша 21 000-нан астам оқушы қатысты.

Елімізде «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

Мен футболмен жеті жыл бойы айналысып келемін, бірақ бүгін ұмытылмас эмоциялар болды, әрбір турнир қызықты өтеді. Ұйымдастырушыларға өзіңді тағы бір рет дәлелдеп, жаңа адамдармен танысуға болатын осындай турнир үшін рахмет. Достармен ойнауға мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс айтамын, - деп Нұр-Сұлтан қаласындағы бірінші іріктеу кезеңінің қатысушысы өз әсерімен бөлісті

Айта кетейік, спорттық ойындар өткізу үшін құрал-жабдықтар сатып алынады да, кейін сол өңірдегі мектептерге сыйға беріледі.

Елімізде «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды
Өзгелердің жаңалығы