Қазақстанда Нобель фестивалі төртінші рет өтіп жатыр

12 Сәуір 2022, 19:28
1776
Бөлісу:
Қазақстанда Нобель фестивалі төртінші рет өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нобель сыйлығының лауреаттарын, ғылымның әлемдік жұлдыздарын, инноваторларды, визионерлер мен бизнес-спикерлерді жинайтын халықаралық IV Нобель фестиваль 12-22 сәуір аралығында өтеді.

Биыл Нобель фестивалі бір уақытта Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай және Сауд Арабиясында 8 тілде, соның ішінде қазақ, өзбек, әзірбайжан, грузин, араб, қытай, орыс және ағылшын тілдерінде болады.

Бүгінде Нобель фестивалі – әлемнің 155 елінен 500 университет қатысатын жалғыз білім беру шарасы. Фестивальда жыл сайын Нобель сыйлығының 12 лауреаты мен «Прорыв» сыйлығының 10 лауреаты білімімен бөліседі. Біздің шараға Siri-дің жасаушысы, Google X компаниясының басшысы сияқты танымал адамдар қатысады. Мысалы, былтырғы фестивальда «Sapiens» авторы Юваль Харари болды, – дейді шараның негізгі ұйымдастырушысы, Инклюзивті даму қорының бас директоры Мақсат Курбенов. 

Сондай-ақ ұйымдастырушы Нобель фестивалінің миссиясы сапалы білімді әлемнің кез келген бұрышында қолжетімді ету және университеттердегі білім сапасын арттыру екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы