Каспий құбыр консорциумындағы апат:  Министр жөндеу жұмыстарының созылу себебін айтты
12 Сәуір, 18:08 1213

Каспий құбыр консорциумындағы апат: Министр жөндеу жұмыстарының созылу себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы апатқа түсініктеме берді.

Оның айтуынша, КТК-дағы жөндеу жұмыстары мамыр айынан асып кетсе,  шығын айына 1 миллион тоннаға жетуі мүмкін екенін айтты.

Қазіргі таңда КТК 60 пайыздық қуатта жұмыс істеп тұр,  айтарлықтай шығын жоқ. Алайда егер жөндеу мамыр айынан кейін де жалғасатын болса, онда шығындар айына 1 миллион тонна жетуі мүмкін, – деді Болат Ақшолақов үкімет кулуарында.

Министрдің атап өтуінше,  қазір Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы квотаны ұлғайту бойынша келісімдер бар және қосымша вагон-цистерналар табылған.

Біз күн сайын өз әріптестерімізбен байланыста болуға тырысамыз. Әзірге ресейлік әріптестеріміз ауа райының қолайсыздығына байланысты жөндеу бригадалары су астына түсе алмай жатқанын хабардар етті. Біз 15 сәуірге дейін күтеміз. Одан кейін өз әріптестерімізді жіберіп, мәселені анықтайтын боламыз, – деп мәлімдеді Энергетика министрі. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...